2013 жыл — Григориан күнтізбесі бойынша аптаның 2-ші күні, яғни сейсенбіде басталады. Кібісе жыл емес.
Бұл біздің заманымыздың 2013 жылы, III мыңжылдықтың 13 жылы, 21 ғасырдың 13 жылы, 21 ғасырдың 2-ші онжылдығының 3 жылы, 2010-шы жылдардың 4 жылы болып табылады.
Оқиғалар
- 2 сәуір - Үкімет әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру туралы заң жобасын мақұлдады.
- 2 мамыр - "ҚазНитрогенГаз" ЖШС және UniCredit Bank Austria қазақстандық "АТФБанк" АҚ-да 99,75% үлесті сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.
- 23 мамыр - ҚР Парламент Сенаты пленарлық отырыста "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" ҚР Заңын екінші оқылымда қабылдады.
- 1 шілде - Қазақстанда Еуро-4 стандарты енгізілді.
- 1 шілде - "QAZsport" алғашқы мемлекеттік спорт телеарнасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
- 3 шілде - Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі болып тағайындалды.
- 5 шілде - Қосанов Дәурен Жұматайұлы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштерінің Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.
- 29 шілде - Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы "Рахат" АҚ кондитерлік компаниясының 76% акцияларын сатып алды.
- 31 шілде - Францияда БТА Банктің Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов алаяқтық жасады және банктің қаражатын бөгде компаниялар арқылы алып тастады деп айыпталып, қамауға алынды. Аблязов Францияның оңтүстігінде, Канна қаласының маңында ұсталды.
- 6 тамыз - Қаржы полициясы агенттігі Швейцарияда Рысқалиевтер отбасының 100 миллион еуроға шоттары қамауға алынғанын хабарлады. "Швейцария Конфедерациясының федералды прокуратурасы ақшаны жылыстатты деген күдікпен Рысқалиевтерге қатысты қылмыстық тергеу жүргізуде.
Туғандар
Тағы қара: Санат:2013 жылы туғандар
Қайтыс болғандар
Тағы қара: Санат:2013 жылы қайтыс болғандар
Наурыз
Сәуір
Тағы қараңыз
Түсініктемелер