Danmarks Radio

DR
Құрылған жылы 1925: Radioordningen
1926: Statsradiofonien
1950: Danmarks Radio (DR)
Мемлекеті  Дания
Веб-сайты dr.dk

DR немесе Danmarks Radio (қаз. Дат радиосы) 1925 жылы құрылған Даниядағы ірі қоғамдық радио және телевизия компаниясы болып табылады. 1950 жылы Еуропалық хабар тарату одағын құрған 23 телекомпаниялардың бірі. «Nordvision» одағына мүшелік етеді.

Данияның астансы Копенгаген қаласында компанияның алты телеарнасы және бірнеше радиостанциялар жұмыс істейді. Оның төртеуі Данияның бүкіл аумағында жиіліктік модуляция (FM) арқылы ақпарат таратады (DR P1, P2 DR, DR P3, P4 DR).

Тарихы

Копенгагендегі DR-дың жаңа ғимараты.

Дат радиосы ресми түрде 1925 жылдың 1 сәуірінде жұмыс істеуді бастады. Алғашында Radioordningen (телекомпания) деп аталған, бір жылдан кейін атауы Statsradiofonien (мемлекеттік телевизия) дегенге ауыстырылды. Телевизиялық бағдарламалар 1951 жылдан бастап көрсетіледі.

2009 жылы компания DR қаласы (DR Byen) деген жаңа ғимартақа көшті.

Телевизия станциялары

  • DR1 (жаңалықтар, спорт, кино)
  • DR2 (ойын-сауық бағдарламалары, деректі фильмдер, сатиралық және қоғамдық-саяси бағдарламалар)
  • DR Update (жаңалықтар телеарнасы)
  • DR Ramasjang (балаларға арналған арна)
  • DR K (мәдени арна)
  • DR HD (жоғарғы айқынды бағдарламалар)

Негізгі радиостанциялар

  • P1 (жаңалықтар және журналистика)
  • P2 (мәдениет, классикалық музыка)
  • P3 (поп-музыка, спорт)
  • P4 (музыка, аймақтық жаңалықтар)

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Danmarks Radio