ONAY! картасы

ONAY! картасы – электронды төлемнің бірегей құралы. 2015 жылдың 1 қазанынан бастап Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде «Жол ақысын есептеу және төлеу жүйесін автоматтандыру» (ЖЕТЖА) жобасы бойынша картаның бірінші қызметі іске қосылды.

«ЖЕТЖА» қызмет көрсетуді және бақылауды «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС операторы жүзеге асырады.

2016 жылдың 25 желтоқсанынан бастап «Оңай Рау» ЖШС «Алматы қаласы көлік холдингі» ЖШС мен «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК-мен бірлесе отырып ONAY! картасы арқылы көліктік емес төлемдерді жасау мүмкіндігін енгізу жобасы жүзеге асырылды.

2019 жылдың 16 тамызынан бастап «Оңай Рау» ЖШС «WOOPPAY» (ВУППЭЙ) ЖШС-мен бірлесе отырып ONAY! карталарының қолдану аясын кеңейтті. Қазіргі таңда төлемдер «WOOPPAY» электронды ақша жүйесі арқылы жасалуда.

Міндеті және құндылықтары

Міндеті

Күнделікті міндеттердің оңай шешімдерін ұсынады.

Құндылықтары

Ыңғайлы және оңай

ONAY! карталары қолдыныс үшін максималды түрде ыңғайлы және оңай болуға талпынады. Ол үшін біз сатып алу, толтыру, қолдану механизмдерін үнемі жаңартып, дамытып отырамыз.

Қол жетімді

ONAY! картасы барлығы үшін қол жетімді. Оны алу үшін өз мәліметтеріңді жіберіп, шығарылуын күтудің қажеті жоқ. Бұл дүкеннен тауар алғандай оңай түрде иеленуга болатын төлемнің бірегей мүмкіндігі.

Ұтымды

ONAY! картасы – бұл қолданудың көптеген мүмкіндіктері, жеңілдіктер мен бонустар.

Қауіпсіз

ONAY! картасы- қауіпсіз төлемдер, ақшалай қаражаттың сақтығы және транзакциялар туралы ақпараттың құпиялылығы.

Айқын ақпарат

Карта ақпараттарының ашық болуына ерекше мән беріледі. Әрбір қолданушы ОҢАЙ! картасы арқылы жасалған төлемдер бойынша толық әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік жасалған.

Инновациялық

ONAY! картасы бүгінгі таңдағы жаңалықтармен қатар жүруі үшін барлық инновациялық шешімдерді қолданады.

Халықтық

Біз қарапайым халық пен ағымдағы уақыттағы маңыздылықтарды бірінші орынға қоямыз.

Сілтемелер