Авис әулеті (Aviz, Avis) - Португалия корольдарының әулеті (1385-1580).
Әулетті құрушы - діни-рыцарьлық Авис орденінің ұлы магистрі Жуан І. Авис әулеті билеген кезде сословиелік монархия қалыптасып, корольдың шексіз билігі күшейді. 1580 ж. король Энрике І өлгеннен кейін, Авис әулеті биліктен айрылды.