Бейнежазба

Бейнежазба – оны сақтау, монтаждау, қайта шығару мақсатымен теле-радио сигналдарындағы бейне және дыбыстық ақпаратты жазу. Бейнежазбаларды көру әдетте шағын аудиторияның алдында үйде, бейнесалонда және бейне жазбаларды қайта шығаратын басқа да жерлерде жүргізіледі. Бейнежазбалар сондай-ақ эфирлік теледидарда да пайдаланылады. Оның техникасы жазбаларды құрастыруға, арнаулы әсірелеуді, бейнелсер мен дыбысты реттеуге, қадрды тоқтату қондырғысын қолдануға, қандай да бір сюжетті қайталап көрсетуге мүмкіндік береді.

Дереккөздер

  1. Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5