Бенгал тілі | |
Өз атауы: |
বাংলা Bāṇlā |
---|---|
Елдер: | |
Аймақтар: | |
Ресми күйі: | |
Реттейтін мекеме: |
Бангла Академи |
Сөйлеушілер саны: |
~ 250 млн (2009) |
Рейтинг: |
6 |
Классификация | |
Санаты: | |
Жазуы: | |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
бен 100 |
ISO 639-1: |
bn |
ISO 639-2: |
ben |
ISO 639-3: |
ben |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Бенгал тілі немесе бенгали (бенгалша: বাংলা?) — Бенгалдардың тілі. Үнді-Еуропа тіл шоғырының Үнді тілдеріне жатады. Бангладеште және Үндістанның Батыс Бенгалия штатында кең таралған. Бұдан бөлек, бұл тілде сөйлейтіндер Трипура, Ассам секілді үнді штаттарын және Андаман және Никобар аралдарын мекендейді. Бенгал тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны — шамамен 250 млн адам (2009).
Бенгал тілі тарихи түрде Оңтүстік Азияның солтүстік-шығыс бөлігінде таралған. Бұл аумақ Бенгалия деген атпен белгілі. Бұл тіл Бангладештің ұлттық әрі мемлекеттік тілі. Онымен қоса Үндістанның 23 мемлекеттік тілдерінің қатарына кіреді. Үндістан штаттарының ішінде Батыс Бенгалия (штатта бенгал тілін қолданушылар саны 85 %-тен астам) және Трипурда (67 %-тен астам) ресми статусқа ие. Сондай-ақ қолданушылардың біраз бөлігі Үндістанның Ассам (шамамен 28 %) және Джаркханд (10 % шамасында), Андаман және Никобар аралдары (26 % жуық), Аруначал-Прадеш және Мизорам (9 % шамасында) штаттарында, сондай-ақ Таяу Шығыс, Малайзия, Жапония, Италия және Ұлыбританияда иммигранттар популяцияларында қоныстанған. Бенгал тілі шамамен жер шарындағы 200 млн адамның ана тілі және сөйлеушілер саны бойынша 6 орында орналасқан.
Бенгал тілінің ежелгі тарихы X—XII ғасырлардан бастау алады. Бенгалияның Үндістан мен Пәкістан арасында бөлінуінен кейін (1947) Бенгалияның (Шығыс Пәкістан, кейін Бангладеш) шығыс бөлігінде араб-парсы лексикасының қолданылуы айқын байқалды.
Бенгал тілінің тарихы 3 кезеңге бөлінеді :
В ходе стандартизации языка в конце XIX—XX ғ. аймақтыӊ мәдени орталығы Колката болған, сол кездерде бенгал тілініӊ стандартқа келтіруі болған. Бүгінгі күнде бенгал тілініӊ стандартты қалпы Үндістанныӊ Бангладешқа жақын шекарасында кеӊ таралған Надиа диалектінде негізделген. Дегенмен, Үндістанныӊ стандарттары Бангладештіӊ стандарттарына жиі сай болмай қалады. Мысалы, батыс жақта тұзды «nun» десе, шығыс жағында — «lôbon» дейді.
Айтып өтетін жағдай — бенгали тілініӊ диалекттері стандарт қалпынан қатты айырмашылық береді. Сондай–ақ, оӊтүстік–шығыстағы Читтагонг қаласыныӊ диалекті стандарт тілінен қатты өзгешеленеді, стандарт тілімен үстіртін ұқсастығы бар десек те болады.
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
|