Гидраттар

Гидраттар - сусыз минералдардың өз құрамына су қосып алып (гидраттану арқылы) минералдарға айналуы. Құрамында судың жеке молекулалары бар химиялық қосылыстарға, мысалы, ғаныш CaSO4 * 2H2O жатады.

Гидраттар — тұрақсыз қосылыстар; температура жоғарылағанда және су буының қысымы төмендегенде олар қүрамындағы химиялық байланысқан судан айырылады (дегидраттану).

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.