Джанлуиджи Буффон | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы мағлұмат | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Толық аты |
Джанлуиджи Буффон Масокко | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Лақап аттары | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған күні | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Туған жері |
Каррара, Италия | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Азаматтығы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бойы |
192 см | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Салмағы |
92 кг | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Позиция | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Джанлуиджи Буффон (28 қаңтар 1978 жыл, Каррара, Италия) — италиялық футболшы, қақпашы. 2006 жылғы әлем чемпионы. Барлық уақыттағы ең жақсы қақпашылардың бірі ретінде танылған.
Буффон А Сериясында алғашқы ойнын 17 жасында «Парма» сапында 1995 жылы «Миланға» қарсы өткізеді. «Пармадағы» шағында ол үшін ең жарқын 1998/99 маусымын есептеуге болады. Сол уақытта Джиджи командасына Италия Кубогы, ұлттық Суперкубок пен УЕФА Кубогы бағынады. Осы командада намысын 168 рет қорғап, 2001 жылы туриндік «Ювентуске» ауысады. Қақпашылар үшін рекордтық 52 млн. еуроны құраған бұл трансфер дүниені дүр сілкіндірген еді. Өзінің «Делле Альпидегі» тұңғыш маусымында «Ювентус» чемпион атанып, Буффон 34 кездесуде 23 қана гол жіберіп, Италия біріншілігіндегі үздік көрсеткішке қол жеткізді. Келесі маусымда «Юве» кезекті «скудеттосын» ұтып, Чемпиондар Лигасының финалында туриндіктерге тек «ескі достары» - «Милан» ғана шешуші бөгет болады.
2005 жылдың тамызында дәл сол «Миланмен» болған кездесуде Какамен соқтысудан соң, Буффон иығынан жарақаттанады. Күрделі операциядан кейін ойынға оралған Джанлуиджи екі ойын өткізіп, қайтадан жарақатқа душар болады да, тек маусымның аяғына таман негізгі құрамға оралады.
Буффон ұзақ жылдар бойы "Ювентуста" ойнады. Туриндің клубта өткен 17 жылдық карьерасында 11 рет Италия чемпиондығына қол жеткізді, үш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына шықты. Бірақ Еуропадағы басты турнирде топ жару Буффонға бұйырмапты, үшеуінде де ұтылды. 2006 жылы жазда "Ювентус" жемқорлыққа араласты деген себеппен А сериясынан түсіп қалғанда көптеген футболшылар төменгі лигада ойнағысы келмей, командадан кетті. Буффон болса, "команданы қиын сәтте тастап кетуге болмайды" деп, не де болса барлығын клубпен көруге шешім қабылдады да, клуб жанкүйерлерінің сүйіктісіне айналды.
2018 жылы 19 мамырда "Ювентус" өз алаңында "Веронаны" қабылдады. Буффон өз ғұмырында соңғы рет кәсіпқой футболшы ретінде алаңға шықты да, 60-минутта стадион толы көрермендердің қошаметімен алмастырылды.
2018 жылы 6 шілдеде ПСЖ клубымен бір жылдық келісім шарт жасасты. Париждіктердің қақпашысы Кевин Трапп Буффонға 1-нөмірді сыйға тартты.
2018/19 жылғы маусымнан соң командадан кетті. 2019 жылы 4 шілдеде араға бір маусым салып, "Ювентусқа" оралды. "Ювенің" негізгі қақпашысы Войцех Щенсны 1-нөмірлі футболканы ұсынғанына қарамастан, Буффон 77-нөмірді таңдады.
2021 жылы "Пармаға" қайта оралды.
Буффонның Италия құрамасындағы мансабы 1998 жылғы Франциядағы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен бастау алады. 1997 жылы Ресеймен өткен плей-офф кездесуінде «скуадра адзурра» сапында тұңғыш шыққан ол келесі жылы құрамасымен бірге Францияға аттанады. Бірақ, ардагер Джанлука Пальюка қорғаған итальяндықтар қақпасында оған орын табылмады. Келесі ірі турнир – Еуро-2000 додасына дейін ол апенниндіктердің №1 қақпашы орнында беки түседі. Алайда, өкінішке орай жарақат алауына байланысты Голландия мен Бельгияға бармайды.
2002 жылы тұңғыш рет ірі жарысқа қатысып, әлем чемпионатына қатысты. Содан бастап 2016 жылға дейін ірі турнирлердің барлығына негізгі қақпашы боп барды.
Италия құрамасы
|