Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды.
Бруноның алуан түрлі заттар пайда болатын біртұтас шексіз қарапайым субстанция жайындағы түсінігі қарама-қарсылықтың ішкі біртектілігі мен үйлесуі жөніндегі идеяға байланысты (“Себеп, бастама және біртұтастық туралы”, 1584).
Болмыстың негізгі өлшемі — монада. Монаданың әрекет етуі кезінде дене мен рух, объект пен субъект қосыла бірігеді. Ең жоғары субстанция — “монадалардың монадасы” немесе құдай: ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері. Бруно поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды. Клерикалшылдыққа қарсы жазған сатиралық “Нұх кемесі” атты поэмасында және филос. сонаталары мен комедияларында бұрынғы ескі ережеден бас тартып, еркін формаларға көшті.