Диана, Уэльс ханшайымы Diana, Princess of Wales | ||||
Диана Мәскеуде (1995 жылы) | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
29 шілде 1981 жылдан бастап — 31 тамыз 1997 жылда | ||||
Ізашары | Лауазымы ұйымдастырылған | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 1 шілде 1961 Сандрингем, Норфолк | |||
Қайтыс болуы | 31 тамыз 1997 (36 жас) Франция, Париж, Сальпетриер ауруханасы | |||
Жерленді | Спенсер-Элторп әулетінің жер иелігі | |||
Династия | Виндзорлар | |||
Әкесі | Джон Спенсер | |||
Анасы | Фрэнсис Шанд Кайдд | |||
Жұбайы | Уэльс ханзадасы Чарльз | |||
Балалары | Уильям, Гарри | |||
Қолтаңбасы | ||||
Диана, Уэльс ханшайымы Ортаққорда | ||||
өңдеу |
Уэльс ханшайымы Диана (ағылш. Diana, Princess of Wales), әуелгі есімі Диана Фрэнсис Спенсер (1961-1997)- Уэльдық Чарльз ханзаданың, британдық тақ мұрагерінің алғашқы әйелі. Ханшайым Диана, Диана ханым және Ди ханым ретінде аса танымал. 2002 жылғы, Би-би-си компаниясының жүргізген сауалнамасы бойынша Диана тарихтағы ең ұлы британдықтар тізімінде үшінші орынға ие.
1961 жылдың 1 маусымында Сандрингемде, Норфолкта Джон Спенсердың отбасында дүниеге келген. Оның әкесі - Элтроп әулетінің виконты саналған. Диананың әкесі жағынан арғы аталары ақсүйек хан текті. Ханшайым отбасысы әуелден-ақ Лондон қаласының орталығында, Спенсер-хаузда түрған.
Балалық шағын Диана Сандрингемде өткізген, осы қалада алғаш оқуын бастаған. Бастапқыда өз алды оқып, анасын да оқытқан, Гертуда Аллен қызметкерінен дәріс алды. Кейін оқуын Силфилдта, Кингс-Лини жеке-меншік мектебінде жалғастырды, оны аса сәттілікпен аяқтап, Ридлсуорт-Холл мектебіне оқуға түсті.
Ханшайым 8 жас шамасында болғанда, ата-анасы ажырасып, Диана апа-інілерімен бірге әкесінің қолында қалды. Бұл жайт кішкене бүлдіршінге кері әсер етті, оған қоса әкесі қайта үйленіп, ханшайымның оны жақтыртпайтын өгей шешесі пайда болды.
1975 жылы Диананың атасы дүниеден озған соң, әкесі Спенсер әулетінің 8-ші графы атанып, соған байланысты Диана «ханым» атағына иемденеді. Сол жылдары Спенсер әулеті Ноттрогтонширрдегі, Олторп-Хаус сарайыны қайта көшіп келді.
12 жастағы ханшайым Уэст-Хилл, Северноукстағы қыз балаларға арналған мектепке қабылданады, бірақ оқудың қиындығына байланыста, Диана мектепті аяқтай алмайды. Қыз баланың музыкаға деген алғырлығы күмән келтірмеді, оған қоса биге деген құштарлығы күннен-күнге арта түсті. 1977 жылдан бастап Швейцарияның Ружмон қаласындағы орта білімді мектепте білім ала бастады, бірақ кейін туған елге деген сағынышынан қайта Англияға оралуға бел буды.
1977 жылдың қысында, оқуға кетпестен бұрын, Олторпқа аңшылыққа келген, алғаш күйеуін – Чарльз ханзаданы кездестіреді.
1978 жылы Лондонға көшіп келіп, бастапқыда анасымен бірге пәтерде тұрады. Кейін 18-ге толып, кәмелет жасқа жеткенде сыйлық ретінде Эрлс Корт аймағындағы, 152 950 АҚШ доллар ақша көлеміндегі жаңа пәтерге иеленеді. Бұл кездері, әуелден-ақ кішкене бүлдіршіндерді жанындай жақсы көретін Диана Пимиликодағы, «Жас Англия» бала-бақшасында, тәрбиешінің көмекшісі ретінде жұмыс атқара бастайды.
Чарльз бен Диананың тойы 1981 жылы, 29 шілдеде болып өтті, бұл той өте үлкен дәрежеде аталынып өтті. 1982 және 1984 жылдары жұбайылардың Уильям және Гарри атты ұлдары дүниеге келген болатын, ханшайымның екі ұлы әкелерінен кейінгі британдық тақтың негізгі мұрагерлері болып саналады. 1990 жылдың басында, Чарльз бен Диананың қарым-қатынасы ушыға түсті, бұған себеп, Чарльздың қазіргі күні екінші әйелі саналатын, Камилла Паркермен байланысын үзбеуі боп табылады. Диананың өзі де, өзінің салт жүру нұсқаушысымен белгілі уақыт аралығында қарым-қатынас жасаған болатын. Мұны ол 1997 жылы телесұхбат кезінде растады, ал бір жыл бұрын Чарльз ханзада да Камилла екеуінің арасындағы байланыс туралы жариялады. Осыған орай, жұбайылар 1992 жылдан бастап бөлек тұра бастады да, 1996 жылы заң жүзінде ажырасты.
Диана қайырымдылық және бітімгершілік қайраткерлігімен белсенді айналасты. Ол өз кезінің ең танымал әйелі болды, британдық хан әулетінің ең әйгілі мүшесі саналды, ханшының «жүрек ханшайымы» атағы да болды.
15-16 маусым аралығында, Диана Мәскеуде болып қайтты. Мұнда ол, бұрынырақта медициналық жабдық сыйлап, қол ұшын берген Тушиндық балалар ауруханасына барып шықты, сонымен қатар №751 мектебіне де барып, онда мүгедек-балаларға арналған «Уэйверли Хаус» бөлімше қорын ашты.
1995 жылдың, 16 маусымында Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінде марапаттау салтанаты кезінде, Дианаға Халықаралық Леонардо Мадақтамасымен марапатталды.
1997 жылы, 31 тамыз күні Диана Доди аль-Файед және Анри Польмен бірге, Парижде көлік апаты кезінде көз жұмды. Аль-Файед және Анри Поль бірден көз жұмды, ал Диана Сальпетриер ауруханасына 17:57:46 жеткізіліп, екі сағат өткен соң өмірден қайтты.
Апаттың нақты себебі әлі де анықталмаған, көптеген себеп нұсқалар келтірілген. Апат кезінде тірі қалған бір-ақ жолаушы бар, Диананың Тревор Рис Джонс есімді оққағары, бірақ басына алынған ірі соққылар әсерінен, ес-түсінен айырылып қалған.
2007 жылы, 14 желтоқсанда Скотланд Ярдтың дайындаған баяндамасында, апаттың пайда болу себептері қарастырылған болатын. Сонымен, британдық тергеудің айтуы бойынша, жүргізушінің қанында ішімдіктің мөлшері қалыпты жағдайдан 3 есе көп болғаны дәлелденді. Оған қоса, көліктің жылдамдығы шамадан асып, өте үлкен жылдамдықта болған. Сонымен қатар, Лорд Стивенстың айтуы бойынша, ешбір жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпаған болып шықты.
Диана жөнінде өте көп кітаптар жазылған. Ханшайымды еске алып, көптеген дос-жолдастары көптің алдына шығып, сөз сөйледі. Сонымен қатар, ханша жайында көптеген кино-фильмдер түсірілді. Диананый өзін жақтаушы, қолдаушы жанкүйірлері әрдайым ханшаның рухын бағыштап, үлкен сый-сыяпат көрсеткен, бірақ ханшаны жақтыртпаған, сын айтқандар саны да аз емес еді.
Арғы аталары 1. Диана, принцесса Уэльская | ||
---|---|---|
2. Әкесі: Эдвард Джон Спенсер, Спенсердің 8-графы |
4. Атасы: Альберт Эдвард Джон Спенсер, Спенсердің 8-графы |
8. Арғы атасы: Чарльз Роберт Спенсер, Спенсердің 6-графы |
9. Арғы әжесі: Маргарет Беринг | ||
5. Әжесі: Синтия Элеонор Беатриса Гамильтон |
10. Арғы нағашы атасы: Джеймс Альберт Эдвард Гамильтон, Аберкорн 3-герцогы (1869—1953) | |
11. Арғы нағашы әжесі: Розалинда Сесилия Каролин Бинэм | ||
3. Анасы: Франциска Кидд |
6. Нағашы атасы: Эдмунд Морис Бёрк Рош, Ферма 3-Бароны |
12. Арғы нағашы атасы: Джеймс Бутбай Бёрк Рош, Ферма 3-Бароны |
13. Арғы нағашы әжесі: Франциска Эллен Ворк | ||
7. Нағашы әжесі: Руф Гилл |
14. Арғы нағашы атасы: Уильям Смит Гилл | |
15. Арғы нағашы әжесі: Руф Литтледжон |