Еділ

Еділ
Ульяновск аумағындағы Еділ өзені
Ульяновск аумағындағы Еділ өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 3530 км
Су алабының
ауданы
1 361 000 км²
Су алабы Каспий теңізі
Су шығыны 8060 м³/с (Волгоград)
Су ағысы
Бастауы Валдай қыраты
 • Биіктігі 228 м
 • Координаттары 57°15′04″ с. е. 32°28′25″ ш. б. / 57.25111° с. е. 32.47361° ш. б. / 57.25111; 32.47361 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Каспий теңізі
 • Биіктігі -28 м
 • Координаттары 45°41′50″ с. е. 47°51′45″ ш. б. / 45.697188° с. е. 47.862525° ш. б. / 45.697188; 47.862525 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°41′50″ с. е. 47°51′45″ ш. б. / 45.697188° с. е. 47.862525° ш. б. / 45.697188; 47.862525 (G) (O) (Я) (T)
Еңістігі 0,07 м/км
Орналасуы
Еділ бассейні
Еділ бассейні
Ел Ресей
Ортаққордағы санаты: Еділ

Еділ (орыс. Волга, тат. Идел, чув. Атăл) өзені (ежелгі атауы Ра, орта ғасырларда Итил) – Еуропадағы ең үлкен өзен болып табылады.

Сипаттамасы

Ұзындығы 3530 км, су жиналатын алабы 1360 мың км2. Бастауын Валдай қыратынан (абсолюттік биіктігі 343 м) алып, Каспий теңізіне құяды. Сағасы теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Еділге екі жүзден астам салалар құяды. Орта ағысында Ока, Шолман, Сура, Ветлуга және Свияга салалары құйғаннан кейін, Еділ суы мол ірі өзенге айналады. Өзен қар суымен (60%-ы), жер асты суымен (30%) және жаңбыр суымен толығады. Көктемде (сәуір – маусым) тасиды, жазда және қыста суы кемиді. Күзде жаңбыр суымен қайта молаяды.

Жануарлар әлемі

Еділде балықтың жетпіс түрі кездеседі, оның қырықтан астамының кәсіптік маңызы бар. Аса маңыздылары: торта, майшабақ, табан, көксерке, сазан, жайын, шортан, бекіре, шоқыр.

Пайдаланылуы

Өзенді электр энергиясын өндіруге, көлік қатынасына, жер суаруға және суландыруға пайдаланады. Өзен суы Еділ-Жайық аралығындағы бір миллион гектар жерді суғаруға және тоғыз миллион гектар жерді суландыруға мүмкіндік береді. Өзенде кеме қатынайды. Волга-Балтық су жолы арқылы Балтық теңізімен, Волга-Дон каналы арқылы Азов (Азау) және Қара теңіздермен байланысады. Аса маңызды өзен порттары: Тверь, Рыбинск, Ярославль, Кинешма, Төменгі Новгород, Чебоксар, Қазан, Ульяновск, Тольятти, Самара, Сарытау, Волгоград, Астрақан.

Салалары

Суда, Кострома Ока, Кама, Уса, Сок, Самара, Үлкен Ырғыз, Кіші Ырғыз

Дереккөздер

  1. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8