Еуропалық инвестиция банкі (ЕИБ) – Еуропа Одағының несие институты. 1993 жылы қарашаға дейін Еуропа экономикалық қоғамдастығының (ЕЭІ) институты болды. ЕЭІ құру туралы 1957 жылы Рим шартына сәйкес 1958 жылы құрылған. Люксембургте орналасқан. ЕИБ-ның Афиныда, Брюссельде, Лондонда, Римде бөлімшелері бар. Банкінің капиталы ЕІ-ға мүше 15 елге тиесілі. Міндеттері: артта қалған елдердің және ЕІ аймақтарының дамуына жәрдемдесу; жекелеген ел толық қаржыландыра алмайтын кәсіпорындарды жаңғыртуға, қайта құруға және салуға ұзақ мерзімді несие беру; жалпы ЕІ-ның мүдделері үшін бірлескен шаруашылық жобаларын іске асыру. Банк көлік пен телекоммуникацияны, энергетиканы дамытуға көмектеседі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобаларды қаржыландырады, шағын кәсіпорындарға несие береді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |