Ислам |
---|
Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
Ибадилер (араб.: إباضية) — харижилердің орташа көзқарасты фракциясы саналатын сүнниттер мен шииттерге ұқсамайтын ағым. Һижри VII-ші ғасырда пайда болып, негізін қалаған Абдуллаһ ибн Ибадтың есімімен аталған. Халифаттың билігіне қарсы шығып, өздерінің имаматтарын құрған (мыс.: Солтүстік Африкадағы Тахертте). Оман мемлекетінің көп бөлігі ибадилер. Алжир, Тунис, Ливия елдерінде, Занзибар аралында қауымары бар.