Килиан Мбаппе

Килиан Мбаппе Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Толық аты

Килиан Мбаппе Лоттен

Лақап аттары

Донателло (фр. Donatello)

Туған күні

20 желтоқсан 1998 (1998-12-20) (25 жас)

Туған жері

Бонди, Франция

Азаматтығы

 Франция

Бойы

178 см

Салмағы

73 кг

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Франция Пари Сен-Жермен

Номері

7

Жастар клубы
2010—2013 Франция Бонди
2011—2013 Франция Клерфонтен
2013—2015 Франция Монако
Клуб карьерасы[* 1]
2015—2016 Франция Монако-II 12 (4)
2015—2018 Франция Монако 41 (16)
2017—2018   Франция ПСЖ (аренда) 27 (13)
2018— Франция ПСЖ 145 (130)
Ұлттық құрамы[* 2]
2014—2015 Франция Франция-17 2 (0)
2016 Франция Франция-19 11 (7)
2017—  Франция 68 (38)
Марапаттары мен медальдары
Әлем чемпионаты
Алтын Ресей 2018
Күміс Катар 2022
Ұлттар Лигасы
Алтын Италия 2021
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Килиан Мбаппе Лоттен (фр. Kylian Mbappé Lottin; 1998 жылы 20 желтоқсанда туған, Бонди, Франция) — француз футболшысы, "Пари Сен-Жермен" клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы.

2016/17 жылғы маусымда Франция чемпионатының үздік жас футболшысы атанды. 2018 жылғы әлем чемпионы және үздік жас футболшы, Францияның жыл футболшысы.

Мансабы

Клубтық

Кәсіпқой карьерасын 17 жасында "Монако" клубында бастады. Тұңғыш рет 2015 жылы 2 желтоқсанда Франция чемпионатындa "Кан" командасына қарсы 88-минутта Фабиу Коэнтраудың орнына алаңға шықты. Сегіз күннен соң еурокубоктердегі дебют ойынын өткізіп, Еуропа Лигасының алтыншы турында "Тоттенхемге" қарсы ойында алаңға шықты. Бұл кездесуде нәтижелі пасымен көзге түсті.

2016-17 жылғы маусымда "Монако" чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетті. Команданың осы жетістігіне көп үлес қосқан Мбаппе Еуропаға танылып үлгерді де, кәрі құрлықтың бірнеше алпауыт клубтары оны өз қатарына қосып алғысы келетінін мәлімдеді.

Келесі маусымда Мбаппе "Пари Сен-Жермен" клубына жалға берілді. Енді ол Неймармен бірге тізе қосып ойнады. Бірақ еурокубоктерде команда 1/8 финалдан аса алмады. Мбаппе Франция чемпионатында 27 матчта алаңға шығып, 13 гол соқты. Маусым біткен соң париждік клуб оны түпкілікті сатып алды.

Ұлттық құрама

Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2017 жылы алаңға шықты. 2018 жылғы әлем біріншілігінің екінші турында Перудің қақпасына гол соғып, есеп ашты. 1/8 финалда Аргентинаның қапасына екі гол соқты (4:3). Финалда Хорватияның қақпасына да бір гол енгізді.

Мбаппе турнирдің ең үздік жас ойыншысы атанды.

Жетістіктері

Командалық

Франция Монако

  • Франция чемпионы: 2016/17

Франция Пари Сен-Жермен

  • Франция чемпионы: 2017/18, 2018/19, 2019/20
  • Француз Лигасының кубогы: 2017/18, 2019/20
  • Франция кубогы: 2017/18, 2019/20
  • Франция суперкубогы: 2019

Жеке

  • Франция чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2016/17
  • Golden Boy жүлдесінің иегері: 2017
  • Франция чемпионатының үздік мергені (2): 2018/19, 2019/20
  • Франциядағы жыл футболшысы (2): 2018, 2019
  • Әлем чемпионатының үздік жас ойыншысы: 2018
  • "Копа" олжасының иегері: 2018
  • 1 (3) лигадағы ай ойыншысы: сәуір 2017, наурыз 2018 , тамыз 2018

Дереккөздер

  1. Simon Rémoussin Kylian Mbappé, precocious talent  (ағыл.). AS Monaco FC (24 October 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 28 қазан 2016.(қолжетпейтін сілтеме)
  2. Toby Gannon Kylian Mbappe’s mum ‘fears Neymar and Dani Alves are teasing her son over Teenage Mutant Ninja Turtles’ Donatello comparison  (ағыл.). The Sun (11 July 2018).
  3. Alexandre Jaquin PSG: pourquoi Mbappé est surnommé "Donatello" dans le vestiaire. RMC Sport (18 қыркүйек 2017).
  4. https://www.championat.com/football/news-3490333-modrich-priznan-luchshim-igrokom-chm-2018-mbappe--luchshij-molodoj-igrok.html

Сілтемелер