Кимоно

Жапондық ер адамның кимоносы
Жапондық әйел адамның кимоносы

Кимоно - жапондардың ерлер мен әйелдерге арналған дәстүрлі ұлттық киімі.

Кимононың жеңі кең, оның ұшында тікбұрышты қалталары, астарында бауы, белдігі болады. Белдігі еркектерде жіңішке қара түсті, әйелдерде жалпақ ашық түсті болып келеді.

Дереккөздер

  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том