Клод Симон | |
фр. Claude Simon | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Антананариву, Мадагаскар, Франция отары |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Париж, Франция |
Шығармалардың тілі |
француз |
Марапаттары | |
Сыйлықтары |
Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы (1985) |
Ортаққордағы санаты: Клод Симон |
Клод Эжен Анри Симон (фр. Claude Simon, 10 қазан 1913, Антананариву — 6 шілде 2005, Париж) — француз жазушы, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1985).
Симон 1913 жылы 10 қазанда Антананаривуда бірінші дүниежүзілік соғыс даласында көп ұзамай қаза тапқан француз әскери қызметкерінің отбасында дүниеге келді. Баланы Перпиньянда анасы, ал 1924 жылы қатерлі ісіктен қайтыс болғаннан кейін әжесі тәрбиелеген. Жас кезінде Симон көп сурет салумен және фотосуреттермен айналысты.
1936 жылы Симон республикашылдар жағында Франкоға қарсы күресу үшін Барселонаға барды.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін Симон әскерге шақырылып, атты әскерде қызмет етіп, тұтқынға түседі. Қашып кетіп, француздық Қарсыласуға қатысты.
Соғыстан кейін ол проза жаза бастады. Оны «жаңа роман» мектебінің қатарына жатқызу әдетке айналған.
Симон 2005 жылы 6 шілдеде Парижде қайтыс болды. Монмартр зиратында жерленген.