Конгресс кітапханасы

Конгресс кітапханасы (ағылш. The Library of Congress) – АҚШ-тың ұлттық кітапханасы, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен кітапхана.

Конгресс кітапханасы

АҚШ Конгресінің ғылыми кітапханасы болып саналатын кітапхана Вашингтон қаласында орналасқан. Ол билік мүшелеріне, жекеменшік фирмаларға, ғылыми орталықтарға, мектептерге және ғылыми жұмыскерлерге қызмет көрсетеді. Конгресс Кітапханасының бір арнайы бөлімі копирайт (авторлық құқық) дайындаумен айналысады. Копирайтты, Конгресс кітапхананың өзінің сайтында, арнайы бір бланкіні толтыру арқылы жасауға болады.

Кітапхананың тарихы

АҚШ президенті Джон Адамс (ағылш. John Adams) мемлекеттің астанасын Филодельфиядан Вашингтонға (ағылш. Washington) ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде, яғни 1800 жылы 24 сәуірде осы ірі кітапхана құрылды. Осы заңда «Конгреске қажетті кітаптар сатып алу үшін және кітаптарды сақтау қоймасын салу үшін» 5000$ (сол замандағы қомақты ақша) бөлінді деп жазылған. Бұл заң кітапхананың қызмет ету саласын және кітапханаға тек АҚШ президенті, вице-президенті, АҚШ сенатының мүшелері, Палата өкілдері(АҚШ Конгрессы) қатысуға құқылы екендігі айтылды. Сондықтан осы кітапхана "Конгресс кітапханасы" деп аталған.

Бастапқыда кітап қорында 740 кітап және Лондонда сатып алынған үш Американың географиялық картасы болған. 1801 жылы 4 наурызда Томас Джефферсон президент болып сайланған соң, ол кітапхананың қорына, атқаратын рөліне және маңызына қатты көңіл бөлді. Оның кезінде кітапхана қоры кеңейді. 8 жылдан кейін 1812-1814 жылдары ағылшын – америка соғысы кезінде Джеймс Мэдисон басқарды.

1814 жылдың тамызында соғыс кезінде Вашингтонды ағылшындар өртеп жібереді. Баға жетпес кітаптары бар кітапханада Капитолиймен бірге өртеніп кетті. Британдықтардан азат етілген соң, "Мэдисон кітапхананы қалпына келтірілсін" деген бұйрық берді. Сол кезде экс-президент, әрі библиофил (кітапсүйгіш) Джефферсон өзінің жарты ғасыр жинаған, әр түрлі тілде жазылған, 6487 томдық жинағын Конгреске ұсынды. Америка оның ұсынысын қабылдаудан басқа амалы қалмады, себебі, Америкада ондай көп мөлшерде кітап болмады. Мәміле 23.940 долларды құрады. Сол уақыттан бастап «Конгресс кітапханасының» аты «Джефферсон кітапханасы» атымен аттас болды.

Мұныменен КК-нің мүшкіл халі аяқталмады.1851 жылы кітапхана екінші рет өртенді. Бұл өртте Томас Джефферсоннан сатып алынған кітаптардың басым бөлігі және де кітапхананың барлық қорының 2/3 бөлігі өртеніп кетті, ал бұл әртүрлі 55000 басылым еді. Тек 1 жылдан кейін ғана мемлекеттік бюджеттен кітапхананы қалпына келтіру үшін 168700$ бөлінді. Бұл қаржының болар болмас бөлігі құрылыс және жөндеу жұмыстарына кетті.

1850 жылдары Конгресс кітапханасына министрлерге, кейбір ведомстволардың жетекшілеріне, жоғарғы соттың мүшелеріне, саяси партиялардың қадірменді, сыйлы азаматтарына, танымал ғалымдар мен АҚШ-тың жазушыларына, Американдық БАҚ-тың танымал журналистеріне кіруге рұқсат берілді.

1870 жылғы Конгресс кітапханасының жетекшісі Эйнсуорт Рэнд Споффордтың белсенділігімен мемлекеттік деңгейде заң қабылданды. Бұл заң бойынша, АҚШ-тың аумағында ашық баспада жарияланған кітаптың 1 данасы міндетті түрде Конгресс кітапханаcына берілуі тиіс. Осы заң бойынша мемлекеттік бюджеттен түскен түскен қаржынын қаншалықты шығыны кітапты қабылдауға кететіні және қаржы шығыны бекітілді. Сонымен қатар, кітапхана қорына қаржылай көмектесуге немесе кітаптарды қайтарымсыз беруге, мерзімді басылымдарды және құжаттарды беруге жеке тұлғаларды, фирмаларды, партия мен қоғам бірлестіктерін тартуга ынталандыру іс-шаралары қарастырылды.

1899 – 1939 жылдары аралығында кітапхананы Герберт Патнем басқарды. Ол кітаптарды сұрыптаудың ыңғайлы жүйесін енгізді. Өзінің жетекшілігінің соңғы жылдарында Конгресс кітапханасына салынған екінші ғимараттың ашылуын рәсімдеді. Бұл филиалға Конгресс Кітапханасының негізін қалаушы Джон Адамстың есімін берді. Жаңа ғимаратқа 6 500 000$ доллар бөлінді. Аталған ғимарат Томас Джефферсон атындағы білім ордасынан алыс емес.

1907 жылы Конгресс Кітапханасы кітапқұмар краснояр саудагері Г.В. Юдиннен 81 000 данадан тұратын кітап пен журналдарды 40 000$-ға сатып алды. Негізінен, бұл кітаптар мен журналдар орыстардың тарихын баяндайды. Осы уақыттан бері Ресейден тыс орыс тілінде жинақталған кітаптар осы кітапханада (қазіргі уақытта Конггресс Кітапханасында 300 000 басылым бар).

1930 жылы Джефферсон кітапханасы ұлттық статусқа ие болды. Бұл статус АҚШ тың бюджетінен бірінші кезекте кітап қорын жинақтауға мүмкүндік берді.

1980 жылы АҚШ- тың Конгресс Кітапханасының аумағы бойынша ең үлкен ғимараты салынды. Джеймс Мэдисон атындағы ғимаратта әлемнің көптеген тілдеріндегі газеттері мен журналдары сақталуда.

Басшылары

  • 1987 жылдың 14 қыркүйегінде Джеймс Биллингтон директор болып сайланды.
  • 1812-1814 жылдары — Джэймс Мэдисон
  • 1899-1939 жылдары — Герберт Патнем
  • 1939-1944 жылдары — Арчибальд Маклиш
  • 1945-1953 жылдары — Лютер Эванс
  • 1954-1974 жылдары — Куинси Мамфорд
  • 1975-1987 жылдары — Дэниел Буретин

Кітапхана қорының көлемі және мазмұны

Кітапхана қорының мазмұнының ауқымы өте кең. Әсіресе, құқық, тарих, филология, саясат, жаратылыстану және техникалық ғылымдардың әдебиеттері толық қамтылған деуге болады. Сонымен қатар, анықтама – библиографиялық басылымдарда жеткілікті.

Бұл кітапханада 5500 – ден астам инкунабул (Гутенберг библиосын қоса есептегенде), Т.Джефферсонның және АҚШ-тың президенттерінің кітаптар жинағы, Қытай басылымдарының коллекциясы (330 мың) және Жапон әдебиеттері (450 мың), сирек кездесетін Америка басылымдарының коллекциясы (60 мың) сақтаулы. 1960 жылдың соңғы жылдарының мағлұматы бойынша кітапхана қорында:

- 14,5 млн. кітаптар мен брошюралар - 132 мың түптелген газеттер - 29 млн-нан астам қолжазба материалдары сақтаулы - 3,3 млн. данадай нота-музыкалы әдебиеттер - 3 млн-нан астам географиялық карталар - Кинофильмдер, пластинкалар, микрофильмдер және де көптеген басқа да материалдар сақтаулы

2000 жылдың басындағы мағлұмат бойынша кітапханада 130 млн данадай басылымдар сақтаулы (кітапхана сөресінің ұзындығы 850 км-ге шамалас), соның ішінде:

- 30 млн-нан астам кітап және 470 тілдегі баспа материалдар - бүкіл әлем халықтарының млн-нан астам газеттері - 58 млн қолжазба - АҚШ үкіметінің млн-нан астам публикациялары - 4,8 млн карта - 12 млн суреттер - 2,7 млн дыбысжазбалар - 500 мың микрофильмдер бар.

Қор жылына 1-3 млн-ға артып отырады.

Кітапхананың барлық қорының, шамамен, көлемін цифрлы түрге аударғанда 17-20 Тбайт болады. Жалпы, жұмыстың бұл саласында жоспарлы түрде санақ жүргізілмегенмен 1994-2007 жылдар аралығында кітапхана қорында сақтаулы барлық мәтінді материалдардың 10 пайызындайы цифрлы жүйеге көшірілген. Сканерлеу жылдамдығы — күніне 75-200 құжат.

Кітапхана ғимараттары

Конгресс Кітапханасы Капитолий төбесінде орналасқан 3 ғимаратта сақтаулы және Вирджиния штатының ауылдық депозитариінде сақталған. Капитолий кітапханасының ғимараттары жер асты жолдарымен қосылған, осы себепті кітапхана оқырмандары тек кітапханаға кірерде ғана күзет алдынан өтеді. Сонымен қатар, кітапхананың аз қолданылатын материалдарға арналған бөлек депозитариі бар.

Кітапхана жұмысының ұйымдастырылуы

Конгресс кітапханасының 1460 орынды 18 оқу залы бар. Кітапхананың библиографиялық басылымдарының ішіндегі ең маңыздысы «ұлттық каталог». Бұл басылымдар 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұрады және АҚШ кітапханасында сақталған кітаптардың еркін каталогы (610тт.)

Дереккөздер