Лондон Корольдік колледжі

Координаттар: 51°30′43″ с. е. 0°06′58″ б. б. / 51.5119444° с. е. 0.1161111° б. б. / 51.5119444; -0.1161111 (G) (O) (Я)
Лондон Корольдік колледжі
Ұраны:
Sancte et Sapienter (Латынша)
«Тақуалықпен және даналықпен»
Университет атауы
Шынайы аты King's College London
Жалпы сипаттамасы
Құрылған жылы 1829
Орналасуы
Орналасқан жері Лондон, Ұлыбритания
Әкімшілік
Ректор Эдвард Бирн
Негізгі көрсеткіштер
Студенттер 18,630
Сайты kcl.ac.uk

Лондон Корольдік колледжі, Лондон Кинг колледжі (ағылш. King’s College London, KCL, сонымен қатар King's) — Англиядағы ең үлкен, ең көне және ең беделді университеттердің бірі, Лондон университетінің негізін қалаушы колледж (оның бөлігі). Лондон университеттік колледжімен[lower-alpha 1] және Лондон экономика мектебімен [lower-alpha 2] бірге ол «алтын үшбұрыш» деп аталатын «бұрыштардың» бірін құрайды (қалған екі «бұрыш» Оксфорд және Кембридж университеттері). Ол сондай-ақ Ұлыбританиядағы Russell Group университеттерінің элиталық қауымдастығының мүшесі болып табылады.

Бұл 1836 жылы Лондон университетін құрған екі колледждің бірі. Кинг колледжі Англиядағы Оксфорд және Кембридж университеттерінен кейінгі ең көне үшінші университет екенін мәлімдейді. Білім беруде де, зерттеуде де әлемдегі жетекші университеттердің бірі ретінде танылды. Кингс колледжі әлемдегі ең үздік университеттер рейтингінде 25-орында, ал жеке пәндерден әлемдегі ең үздік 10 оқу орнына кіреді.

Колледж капелласында әйгілі Henry Willis & Sons компаниясының органы орнатылған.

Оқытушылар және түлектер

Колледж түлектерінің арасында белгілі саясаткерлер, мемлекет басшылары, заңгерлер, британ парламентінің 32 депутаты, жазушылар Артур Кларк, Джон Китс, Сомерсет Моэм, Вирджиния Вулф, Queen тобының бас-гитаристі Джон Дикон бар.

  • Деннис Уильям Сиама
  • Гарри Килворт
  • Хушвант Сингх
  • Роджер Хокинс
  • Кипрос Николайдес
  • Хуан Крисостомо Сентурион
  • Лоуренс Дадли Стумп — XX ғасыр географы, Лондон экономика және саясаттану мектебінің және Ранугни университетінің профессоры.
  • Джеймс Эдвин Торолд Роджерс — экономист, тарихшы, XIX ғасырдың саясаткері

Дереккөздер

  1. Лондон университетінің тағы бір негізін қалаушы колледж.
  2. Лондон университетінің тағы бір негізін қалаушы колледж.
  1. 'Golden triangle' to win funding riches  (ағыл.). // Times Higher Education (THE) (11 February 2010). Басты дереккөзінен мұрағатталған 12 наурыз 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 11 ақпан 2010.
  2. QS World University Rankings 2016  (ағыл.). Top Universities (25 August 2016). Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 мамыр 2017.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 25 тамыз 2016.

Сілтемелер