Лорин

Лорин
Loreen
Сурет
Лорин Еуровидение ән байқауының басты сыйлығымен.
Негізгі ақпарат
Туған кездегі есімі

Лорин Зинеб Нора Тальхауи

Толық аты

لورين زينب نورا طلحاوي

Туған күні

16 қазан 1983 (1983-10-16) (40 жас)

Туған жері

Стокгольм, Швеция

Белсенділік жылдары

2004—б.к.

Мемлекет

 Швеция

Мамандықтары

әнші

Жанрлары

поп-музыка

Лақап аттары

Loreen

Лейблдері

Warner Music

Лорен Зинеб Нора Тальхауи (швед. Lorine Zineb Nora Talhaoui, араб.: لورين زينب نورا طلحاوي‎), Лорин (Loreen) лақап атымен танымал (16 қазан 1983, Стокгольмде дүниеге келді) — шығу тегі мароккан-бербер шведтік әнші, Швецияның өкілі ретінде Еуровидение 2012 ән байқауының жеңімпазы.

Өмірбаяны

Өзінің шығармашылық жолын танымал шведтік «Idol 2004» музыкалық байқауында бастады. Байқауда төртінші орынға қол жеткізді.

2005 жылы «Rob’n’Raz» тобымен бірлесіп, өзінің «The Snake» атты дебюдтік синглін шығарды. Кейін «TV11» телеарнасының жүргізушісі ретінде болған.

2012 жылдың 10 наурызында Швецияда танымал «Melodifestivalen» телебайқауының жеңімпазы атанды. Осы жеңістен кейін, ол жыл сайынғы Еуровидение ән байқауына қатысуға құқығын алды. Оның «Euphoria» өлеңі 24 мамыр күні екінші жартылай финалында орындалды және дауыс беру нәтижесінде әнші финалға шықты. 2012 жылдың 26 мамыр күні Әзірбайжанның Баку қаласында байқаудың финалы нәтижесінде 372 ұпай жинап Лорин Еуровидение 2012 байқауының жеңімпазы атанды.

Мені шабыттандыратын музыка, ол трансқа ұқсас күйге ендіретін музыка. Мелодиясымен және вокалымен. Бұл Бьорк секілді орындаушылар, Эния музыкасынан аздап және әсіресе Лиза Джеррард .

Дискографиясы

Жыл Синглы Жоғарғы
позициясы
(SWE)
Швеция
2005 «The Snake» (feat. Rob'n'Raz)
2011 «My Heart is Refusing Me» 9
«Sober» 39
2012 «Euphoria» 1
«If She’s The One»  —

Дереккөздер

  1. KP: Loreen KP11 2011
  2. Sweden: Loreen winner of Melodifestivalen! | News | Eurovision Song Contest — Baku 2012
  3. http://www.loreen.se/#biography
  4. SwedishCharts.com: Loreen page

Сыртқы сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Loreen