Люксембург Ұлттық футбол құрамасы | |||
Логотип | |||
Лақап аты |
D'Roud Léiwen | ||
---|---|---|---|
Конфедерация | |||
Федерация | |||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Джефф Штрассер (98) | ||
Үздік бомбардир |
Лион Март (16) | ||
Үй стадионы | |||
ФИФА рейтингі |
86 (-2) (29 қараша 2018) | ||
ФИФА коды |
LUX | ||
Формасы | |||
| |||
Люксембург 1:4 Франция | |||
Люксембург 6:0 Ауганстан | |||
Люксембург 0:9 Англия | |||
Футболдан Люксембург Ұлттық құрамасы (люксемб. -{Lëtzebuergesch Foussballnationalequipe}-, фр. Équipe du Luxembourg de football, нем. Luxemburgische Fußballnationalmannschaft) — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Люксембург құрамасы.
Еуропадағы аутсайдер құрамалардың бірі. 2018 жылы қараша айында ФИФА рейтингінде 86-орынға жайғасты.
Алғашқы ойынын 1911 жылы 29 қазан күні Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 1934 жылы алғаш рет әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. бірақ екі ойында да жеңіліп қалды.
Ешқашан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан емес. Бірақ сенсация жасаған матчтары жетерлік: мәселен, 1962 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Португалияның өзін 4:2 есебімен ұтып кетті. Ал 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Нидерландыны қапы қалдырды! Келесі сатыда Дания футболшылары бұларды үш ойын өткізіп барып әрең ұтты — 1:1, 3:3, 0:1.
1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 10 ұпай жинады. Турнир барысында Еуропаның болашақ күміс жүлдегерлері Чехияның өзі тізе бүкті.
|