Метр (фр. metre, гр. metron – өлшем) – бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі. 1960 жылға дейін Метрдің эталоны – ұзындықтың штрихты өлшемі платина-иридий қоспасынан жасалып, Севр қаласындағы (Париж қаласының жанындағы) Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюрода сақталған білеуше (брусок) болған. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі 11-Бас конференция (1960) Метрдің жаңа анықтамасын қабылдады: “Метр – Криптон-86 атомының 2р10 және 5d5 деңгейлерінің аралығындағы ауысуы сәйкес келетін сәуле шығаруының вакуумдағы 1650763,73 толқын ұзындығына тең ұзындық”. КСРО-да алғашқы эталоны ұзындық бірлігі – метрді қайта жаңғыртуға және оның өлшемін ұзындықтың басқа өлшемдеріне таратуда құрамында ұзындықты дәл өлшеуге арналған интерферометр бар аппаратуралар кешенін қолданды. Метрдің алғашқы эталоны Метрді 5*10–9 м-ден аспайтын орташа квадраттық ауытқумен қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Метр сөзі фр. mètre арқылы гр. μέτρον (өлшем, өлшегіш) сөзінен.
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|