Микронезия

Микронезия (көне грекше: μικρός «микро-» және νῆσος «аралдар») — Океаниядағы шағын аралдар тобының жалпылама атауы. Гилберт, Мариана, Маршалл және де басқа (барлығы 1500-ға жуық арал) аралдардан тұрады. Микронезиядағы құрғақ жердің жалпы аумағы өте кішкентай, сондай-ақ халық саны да үлкен емес. Бірақ теңіз экономикалық аймақтары өте зор.

Географиясы

Микронезия жалпы аумағы 2,6 мың км²-ді құрайтын шамамен 1500-ге жуық арал кіреді. Микронезиядағы ең үлкен жеке орналасқан арал — Гуам аралы (541,3 км²) болып табылады.

Елдер және аумақтар

Микронезия келесі елдерден және тәуелді аумақтардан тұрады:

Орналасуы Туы Ел Астанасы Аумағы (км²) Халқы
rand Микронезия Федерациялық Штаттары Паликир 702 110.218
Гуам
АҚШ
Хагатна 549 168.564
Кирибати
(Лайн және Феникс аралдарынсыз)
Оңтүстік Тарава 811 92.533
Маршалл аралдары Маджуро 181 60.422
Науру Ярен 21,10 10.084
Солтүстік Мариана аралдары
АҚШ
Сайпан 477 82.459
Палау Нгерулмуд 508 19.907
rand Уэйк
АҚШ
7,37 150

Мемлекеттік құрылысы

Қазіргі кезде Микронезия бірнеше мемлекеттен тұрады.

Микронезия Федерациялық Штаттары — 4 штаттан тұрады (Понпеи, Кусаие, Чуук, Яп), бір аттас аралдарда және маңдағы аралдар топтарында орналасқан: Кусаие және Понпеи, және Яп және Чуук (Трук) аралдар топтары. Халқы — 107, 9 мың адам (2008). Астанасы — Понпеи (халқы 7 мың адам) аралында орналасқан Паликир қаласы. Ресми тілі — ағылшын. Мейрамдар: 3 қараша — Тәуелсіздік күні. Экспортирует копраны, бұрышты, балықты, кокос майын, халық өнеркәсіп бұйымдарын экспорттайды. АҚШ-пен еркін қауымдастырылған.

Маршалл аралдары. Халқы — 56, 4 мың адам (2003). Астанасы — Маджуро, 25, 4 мың адам (2004). Тілдер — маршалл және ағылшын. Діні — протестантизм және католицизм. Экспорт: копра, кокос майы, балық, маржандар. Открыты в 1529 жылы испандық А. Сааведрамен ашылған, кейін Гилбертпен және Маршаллмен зерттелген. Мейрамдар: 1 мамыр — Конституция күні.

Кирибати — 5 млн шаршы км акваториясындағы 33 маржан аралы. Гилберт, Феникс, Лайн, Банаба (бұрынғы Ошен) аралдар тобынан тұрады. Халқы — 98 мың адам (2009). Астанасы — Оңтүстік Тарава, 40, 3 мың адам (2005), Тарава аттолында орналасқан. Ең биік нүктесі — Саммит, 81 м. Ресми тілі — ағылшын, бірақ барлығы кирибати (тунгаруан) тілінде сөлейді. Діндер — протестантизм, католицизм. Алғашқы болып аралға Кирос 1606 жылы келген, Д. Байрон, Д. Гилберт және Д. Маршалл зерттеген. Гилберт құрметіне арнап арал атауын Крузенштерн берген. Экспорт: копра, балық. Мейрамдар: 21 шілде — Тәуелсіздік күні.

Палау (Белау) — жалпы аумағы 458 шаршы километрді құрайтын 328 аралдан тұрады, ең үлкені — Бабелтуап, ең биік нүктесі — 217 м. Халқы — 20, 9 мың адам (2008). Астанасы — Бабелтуап аралындағы Нгерулмуд, 391 адам. Ресми тілі — ағылшын, палау. Діндер — католицизм, протестантизм. Мейрамдар: 1 қазан — Тәуелсіздік күні. Аралға алғашқы болып испандықтар XVII ғасырда келген. 1889 жылы аралдар Германияға сатылды. Экспорт — копра және тунец.

Науру — жеке маржан аралы, көтерілген атолл. Науру мемлекетін құрайды. Аумағы — 21 км². Халқы — 11, 3 мың адам (2009). Ресми астанасы жоқ, ел үкіметі Ярен округінде орналасқан. Ресми тілдер — ағылшын тілі және науру тілі.

Солтүстік Мариана аралдары. Халқы — 86, 6 мың адам. Астанасы — Сайпан, 62, 4 мың адам (2000). Ең биік нүктесі — 965 м. Ресми тіл — ағылшын. Діні — католицизм. Магелланмен ашылған, XIX ғ. соғына дейін испан колониясы ретінде болған, 1899 жылы Германияға берілді, қазір — АҚШ-қа тиесілі. Экспорт: халық тұтыну тауарлары, азық-түлік.

Гуам — Мариана аралдар тобының құрамындағы арал; биіктігі 405 м-ге дейін жетеін үстірт. АҚШ-қа тиесілі. Халқы 173, 5 мың адам (2007). Астанасы — Хагатна, 1, 1 мың адам (2000). Тілдер — ағылшын, Чаморро. Губернатор басқарады. Діні — католицизм. Экспорт: киім, сусындар, темекі, электроника. Мейрамдар: наурыздың алғашқы дүйсенбісі — Гуам күні, 21 наурыз — Азат ету күні. Арал Магелланмен 1521 жылдың 6 наурыз күні ашылды, 1565 жылдан бастап — Испания колониясы, 1898 жылдан бастап — АҚШ-қа тиесілі.

Дереккөздер

  1. Es handelt sich bei Yaren nicht um die Hauptstadt Naurus, sondern um den Regierungssitz. Nauru hat keine offizielle Hauptstadt.
  2. әскерилер және әуежай қызметкерлері.