Милан (футбол клубы)

Италия Mилан
Толық атауы

Associazione Calcio Milan S.p.A.

Лақап аттары

i Rossoneri (Қызыл қаралар)
il Diavolo (әзәзіл)
Casciavit (Lombard for: Screwdrivers)

Құрылған жылы

1899

Стадионы

Сан-Сиро

Сыйымдылығы

80,018

Бас жаттықтырушы

Стефано Пиолли

Капитаны

Алессио Романьоли

Сайты

acmilan.com

Жарыс

А Сериясы

2020/21

2.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма
Форма
Резервтік
Футболдан Италия чемпионаты 2021/22

Associazione Calcio Milan, яғни "АС Милан" немесе "Милан" деп аталатын Италияның А сериясындағы кәсіпқой футбол клубы.

«Милан» — әлем футбол тарихындағы ең жүлделі футбол клубы. Халықаралық жетістіктері жөнінен аргентиналық Бока Хуниорспен бірге 18 титулға ие. УЕФА чемпиондар лигасының жеті дүркін жеңімпазы (бұл Италиялық клубтар арасындағы ең жоғары көрсеткіш).

Клубтың бітіспес қарсыласы — Миландағы тағы бір клуб "Интернационале". Бұл екі клубтың арасындағы матч "Милан дербиі" деп аталады.

Тарихы

Клуб 1899 жылы тігінші Герберт Килпин мен кәсіпкер Альфред Эдвардс атты ағылшындықтардың бастауымен құрылды. 1900 жылы 11 наурызда тұңғыш бейресми матчын өткізіп, "Меладунома" (Милан) клубын 3:0 есебімен ұтты.

1901 жылы-ақ тұңғыш рет Италия чемпионы атанды. 1906, 1907 жылдары осы жетістігін тағы қайталады.

1950 жылдары клубта "Гре-Но-Ли" триосымен есте қалған швециялық үш шабуылшы Гуннар Нордаль, Гуннар Грен, Нильс Лидхольм деп тепті. 1951 жылы осы ойыншылардың көмегімен төртінші скудеттоны ұтып алды.

Клуб 1960-жылдары күшейді. Осы дәуірде итлиялық клубтар арасында бірінші боп, 1963 жылы Еуропа чемпиондар кубогын жеңді. Финалда "Бенфиканы" тізе бүктірді.

1970-80 жылдары аса жарқырамады, тек 1979, 1988 жылдары ғана Италия чемпионы атанды. 1985 жылы қаңтар айында клубтың аңыз ойыншысы Паоло Мальдини клубтағы дебют ойынын өткізді.

1988 жылы клубқа Нидерландтық әйгілі үштік — Руд Гуллит, Марко ван Бастен, Франк Райкаард келді. Бұл үштіктің үлесі ұзамай-ақ айқын сезілді, 1989 жылы Еуропа чемпиондар кубогын ұтты. Финалда Румынияның "Стяуа" клубын тізе бүктірді. Ал 1993/94 жылғы маусым қорытындысында Финалда "Барселонаны" 4:0 есебімен ұтып, тағы да УЕФА чемпиондар лигасында топ жарды. Кейін 2003 және 2007 жылдары осы осы турнирде жеңімпаз атанды. Осылайша УЕФА Чемпиондар лигасындағы кубоктар санын жетеуге жеткізді. Осы дәуірде клубта Андрей Шевченко, Кака, Кафу, Андреа Пирло, Паоло Мальдини, Алессандро Костакурта, Филиппо Индзаги секілді жұлдыздар ойнады.

Соңғы он жыл көлемінде клуб мүлде дағдарысқа ұшырады, 2011 жылдан бері Италия чемпионатында топ жарған жоқ, еурокубоктерде мүлде көзге түспей қойды.

Жетістіктері

Ұлттық

  • А сериясы
    • Чемпион (18): 1900/1901, 1905/06, 1906/07, 1950/51, 1954/55, 1956/57, 1958/59, 1961/62, 1967/68, 1978/79, 1987/88, 1991/92, 1992/93, 1993/94, 1995/96, 1998/99, 2003/04, 2010/11
    • Вице-чемпион (14): 1901/02, 1947/48, 1949/50, 1951/52, 1955/56, 1960/61, 1964/65, 1970/71, 1971/72, 1972/73, 1989/90, 1990/91, 2004/05, 2011/12
    • 3-орын (18): 1937/38, 1940/41, 1948/49, 1952/53, 1953/54, 1959/60, 1962/63, 1963/64, 1968/69, 1975/76, 1979/80, 1988/89, 1999/00, 2002/03, 2005/06, 2008/09, 2009/10, 2012/13
  • Италия кубогы
    • Жеңімпаз (5): 1966/67, 1971/72, 1972/73, 1976/77, 2002/03
    • Финалист (9): 1941/42, 1967/68, 1970/71, 1974/75, 1984/85, 1989/90, 1997/98, 2015/16, 2017/18
  • Суперкубок
    • Жеңімпаз (7): 1988, 1992, 1993, 1994, 2004, 2011, 2016
    • Финалист (4): 1996, 1999, 2003, 2018
  • В сериясы
    • Чемпион (2): 1980/81, 1982/83

Халықаралық

Стадион

"Сан Сиро" - Италияның Милан қаласында орналасқан футбол алаңы. Бұл алаң Милан және Интер клубттарының үй алаңы болып табылады. 1979 жылы алаң аты "Сан Сиродан" "Джузеппе Меаццаға" өзгертілді. Жасанды газон төсеулі.

Ойыншылар

Құрамы

2019/20 жылғы маусымда

Қақпашылар Туған күні Азаматтығы
25 Пепе Рейна 31.08.1982 Испания
90 Антонио Доннарумма 07.07.1990 Италия
99 Джанлуиджи Доннарумма 25.02.1999 Италия
Қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
2 Давиде Калабрия 06.12.1996 Италия
12 Андреа Конти 02.03.1994 Италия
13 Алессио Романьоли 12.01.1995 Италия
19 Тео Эрнандес 06.10.1997 Франция
22 Матео Мусаккьо 26.08.1990 Аргентина
31 Маттиа Калдара 05.05.1994 Италия
43 Лео Дуарте 17.07.1996 Бразилия
68 Рикардо Родригес 25.08.1992 Швейцария
Жартылай қорғаушылар Туған күні Азаматтығы
4 Исмаэль Беннасер 01.12.1997 Алжир
5 Джакомо Бонавентура 13.05.1989 Италия
7 Самуэль Кастильехо 18.01.1995 Испания
8 Сусо 19.11.1993 Испания
10 Хакан Чалханоғлы 08.02.1994 Түркия
20 Лукас Билья 30.01.1986 Аргентина
33 Раде Крунич 07.10.1993 Босния
39 Лукас Пакета 27.08.1997 Бразилия
79 Франк Кесси 19.12.1996 Кот-д'Ивуар
Шабуылшылар Туған күні Азаматтығы
9 Кшиштоф Пёнтек 01.07.1995 Польша
11 Фабио Борини 23.03.1991 Италия
17 Рафаэл Леау 10.06.1999 Португалия
18 Анте Ребич 21.09.1993 Хорватия

Клуб ардагерлері

# Ойыншы Матч Жж
1 Паоло Мальдини 902 1984—2009
2 Франко Барези 719 1977—1997
3 Алессандро Костакурта 663 1986—2007
4 Джанни Ривера 658 1960—1979
5 Мауро Тассотти 583 1980—1997
6 Дженнаро Гаттузо 461 1999—2012
7 Массимо Амброзини 433 1995—2013
8 Анджело Анкиллетти 418 1966—1977
9 Чезаре Мальдини 412 1954—1966
10 Андреа Пирло 410 2001—2011

Сілтемелер

Дереккөздер

  1. Organisational chart. acmilan.com. Associazione Calcio Milan. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 қазан 2010. Тексерілді, 4 қазан 2010.
  2. History  (ағыл.). acmilan.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 30 сәуір 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 19 мамыр 2011.
  3. History. acmilan.com. Associazione Calcio Milan. Басты дереккөзінен мұрағатталған 7 қазан 2010. Тексерілді, 4 қазан 2010.
  4. Neil Heath. AC Milan's Nottingham-born hero, bbc.co.uk, British Broadcasting Corporation (17 қараша 2009). Тексерілді 4 қазанның 2010.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: A.C. Milan