Орталықсыздандыру (ағылш. decentralisation; нем. Deientralisation f ; лат. de - отмена + centralis - срединный, centrum - средоточие)
Орталықсыздандыру түсінігінің әртүрлі анықтамасымен бірге оның түрлі формалары бар.
Қазақстан Республикасын Стратегиялық жоспарлау Агенттігінің мемлекеттік функцияларды орталықсыздандыру Концепциясының жобасында осы мемлекеттік функцияларды орталықсыздандырудың екі формасын бөліп көрсетеді: бөлшектеу және деволюция.
Жоғарғы білім жүйесінің орталықсыздандырылуы - ЖОО-ның өзіндік оқыту бағдарламасын құрудағы, қаржыландырудың көздерін іздеудегі, т.б. еркіндігін кеңейту.
Билікті бөлшектеу деп иерархиялық басқару жүйесінің күшін сақтай отырып, мемлекеттік биліктің басқару функцияларын осы жүйесі бойынша төменгі билік органдарына берумен байланысты үрдісті айтады.
Оны «әкімшілік орталықсыздандыру» деп те атайды.
Билікті бөлшектеу басқарудың әкімшілік астарына да қатысты және оның орталық және орталық емес басқару органдары арасында функцияларды иерархиялық бөлуді қайта қалыптастыру сияқты мақсаттары бар. Орталықсыздандыру саяси жағынан (саяси орталықсыздандыру) келсе, ол шешім қабылдау құқығын жергілікті басқару органдарына беруді білдіреді. Оның құқықтық жүзеге асуы жергілікті басқаруды білдіреді.
Деволюция (міндеттерді табыстау) жергілікті басқару органдарына шешім қабылдауға және дербес қаржылық, басқарушылық іс-әрекет жүргізуге құқық беру.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|