Регенерация

Регенерация (лат. regeneratіo — қайта өркендеу, қалпына келу),

Биологияда

хамельион

жануарларда түгелдей не жарым-жартылай алып тасталынған, зақымданған не жойылған органның немесе оның бөлігінің (тіннің, ұлпаның) қайтадан қалпына келуі. Регенерация терминін 1712 ж. француз табиғат зерттеушісі Р.А. Реомюр (1683 — 1757) ұсынды. Регенерация физиол. және реперативтік деп бөлінеді.

Физиологиялық

Физиологиялық Регенерация әдеттегі тіршілік процесінде көптеген органдарда, мыс., қан құрамы элементтерінде, ішек-қарынның, тыныс органдары жолдарының кілегей қабығында, эпидермисте (бұған түлеу де жатады) өтеді.

Реперативті Физиология

Реперативті Физиологиялық жануарлар түріне қарай әр түрлі болады. Омыртқасыздардың көпшілігінде Регенерация нәтижесінде дене бөлігінен тұтас организм дамуы мүмкін. Жоғары сатыдағы жануарларда бұндай Регенерация болмайды, жеке орган не оның бөлігі ғана регенерацияланады. Регенерация нәтижесінде пайда болған органдар бұрынғы қалпынан өзгеруі де өзгермеуі де мүмкін. Регенерация әр түрлі жағдайларға, жүйке жүйесі қызметіне байланысты қартайған ағзада баяу өтеді.

Өсімдіктерде

жойылған не зақымданған өсімдік бөлігінің жаңадан түзілуі, сондай-ақ организм бөлігінен тұтас ағзаның қалпына келуі. Өсімдік Регенерациясы олардың жүйеленімдік топтарына қарай әр түрлі, ол өсімдік құрылысына, оның даму фазасына, тіршілік ететін ортасына байланысты. Өсімдік Регенерациясын өсімдікті вегетативтік жолмен (сабағы, тамыры, жапырағынан) көбейтуге пайдаланады.

Плазмалық терапия

Косметологиядағы плазмалық терапия - бұл таяз инвазивті косметикалық процедура, пациенттің қан плазмасы 8 мл-ге дейін емделетін аймақтың бүкіл бетіне терінің қартаю белгілерін жояды, өңін жақсартады және көтергіш әсер береді.

Дереккөздер

  1. Қазақша энциклопедия 7 том.
  2. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. - Алматы: Қазақ университеті, 2009. - 128 бет. ISBN 978-601-247-057-4
  3. Плазмотерапия дегеніміз не.