Ривер Джуд Феникс | |
River Jude Phoenix | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Мадрас, Орегон, АҚШ |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Батыс Голливуд, Колифорния, АҚШ |
Азаматтығы | |
Мамандығы |
актер, музыкант, белсенді |
Белсенді жылдары |
1982 - 1993 |
Бағыты |
Альтернативті рок |
Марапаттары |
«Вольпи кубогі» (1991) |
IMDb |
Ривер Джуд Феникс (ағылш. River Jude Phoenix, 23 тамыз 1970 - 31 қазан 1993) - американдық актер, музыкант және белсенді. Ол Рейн, Хоакин, Либерти және Саммер Феникстердің ағасы болған.
Феникс өзінің актерлік мансабын 10 жасында теледидарлық жарнамаларда түсумен бастады. Оның алғашқы маңызды жұмысы - «Менімен бірге бол» (1986) фильміндегі рөлі. Феникс «Бір орында жүгіру» (1988) секілді «ересек» фильмдерде көрінді, осы рөлі үшін «Ең үздік қосалқы актер» номинациясында Оскарға ұсынылды. «Менің жеке Айдахо штатым» (1991 ж.) сыншылардың мақұлдауына себеп болды және Венеция кинофестивалінде Волпи кубогын Финикске әкелді. Сондай-ақ АҚШ Кинематографистерінің Ұлттық Қоғамы мен АҚШ Кинематографистерінің Ұлттық Кеңесі үздік актер сыйлығымен марапаттады. Джон Уилис оны келешегінен үміт күттірер 12 үміткердің бірі деп атады, сыншылар Роджер Эберт және Джин Сискел оған өте талантты актер деп баға берді. 1993 жылдың 31-ші қазанында Феникс есірткі дозасын жоғарылатудан Viper Room клубының кіреберісінде қайтыс болды.
Ривер Джуд Феникс 1970 жылы 23 тамызда Орландо штатының Мадрас қаласында, Арлин Шарон Дун және Джон Ли Боттомның отбасында дүниеге келген.. Ривердің есімі Герман Гессендің «Siddhartha» романындағы және «Hey Jude» атты Beatles әніндегі өмір өзенінің құрметіне қойылған.Адамдар журналына берген сұхбатында Феникс ата-анасын «хиппи» деп сипаттады. Оның анасы Бронкс қаласында (Нью-Йорк) Венгрия мен Ресейден қоныс аударған еврей отбасында дүниеге келді. Оның әкесі, бұрынғы католик, бастапқыда Фонтана (Калифорния) қаласынан келген және оның бұрынғы некеден қалған қызы болған. 1968 жылы Феникстің анасы Нью-Йорктегі отбасынан кетіп, Американы автокөлікпен шарлап жүріп, Солтүстік Калифорнияда Джонды кездестіреді. Олар 1969 жылғы 13 қыркүйекте үйленді, олардың кездескеніне бір жылдан аз уақыт өткен болатын. 1973 жылы ерлі-зайыптылар «Құдайлар балалары» сектасына қосылып, миссионер болған. 1972 жылғы 21 қарашада Крокетт қаласында (Техас штаты) жұп қызды болды, баланың есімін Райн Джоан Д'Арк деп қойды. Жұптың үшінші баласы Хоакин Феникс 1974 жылы 28 қазанда Сан-Хуан ( Пуэрто-Рико ) қаласында туылған.
1976 жылы 5 шілдеде Либертад Марипоза Боттом дүниеге келді. Кейінірек Джон Боттом «Венесуэла мен Кариб архиэпископы» деген лауазымға ие болғанымен, жұбайлар сектадан қаржылық көмек ала алмады және кедейлікте өмір сүрді. Феникс жиі гитара ойнады, ал Рейн көшеде ән айтып, отбасын асырау үшін ақша тапты.
Арлин мен Джон көп ұзамай Құдай балаларынан көңілі қалды; Арлин Кейін журналистке берген сұхбатында күйеуі екеуінің сектадағы «флирт фишингке» қарсы шыққанын айтты: «Сектаның көшбасшысы Дэвид Берг бәрін жаңылдырып, өзі байыған үстіне байи түсті. Ол бай студенттерді жыныстық қатынас арқылы тартуға тырысты. Олай бола қоймас.. Сектаның теріс бағытта қозғалуынан қорқып, ерлі-зайыптылар оны тастап, біраз уақыт Венесуэладағы шіркеуде өмір сүрді. Оңтүстік Америкада өмір сүрген соңғы жылдарда бүкіл отбасы вегандарға айналды (жергілікті балықшының балықты өлтіргені Ривер мен Хоакинге әсер етті).
Көп ұзамай отбасы Америкаға қайта оралды. Олар жүк тасымалдайтын көлікке тығылып отырып алған болатын. Олар оралған соң, Флоридада Арлинның ата-анасының үйіне қоныстанды. 10 желтоқсан 1978 жылы Уинтер Парк (Флорида) қаласында отбасының кенжесі Саммер Джой Боттом дүниеге келді. 1979 жылғы 2 сәуірде отбасы жаңа өмірдің басталуының символына ретінде күлден туылған ертегі құсының атауы Феникске фамилиясын ресми түрде өзгертті.
Ривер Лос-Анжелестегі NBC кастинг агенттігінде жұмыс істеді. Ол балалар агенті Ирис Бертонмен кездесіп, бес баланы қабылдауға келісті.
1980 жылы Феникс алғаш рет теледидарда Fantasia телесериалында көрінді, онда ол өзінің қарындасы Rainмен ән орындады. 1982 жылы Ривер NBC-лік Жеті бауырға жеті қалыңдық сериалында, бауырлардың ең кішісі Гутри Макфадденнің рөлін ойнады. Ривера гитара үйреніп, Елвис Преслидің образына мықтап еніп шоу өндірушілерін қайран қалдырды. .
Келесі рөлді бір жыл өткен соң, «Celebrity» (1984) телевизиялық фильмінде алды, онда ол Джеффи Кроуфордты ойнады. Оның қатысқан эпизоды небәрі 10 минутқа созылғанымен, кейіпкері басты кейіпкер болды. Бір айдан кейін ABC Afterschool Special шоуы шығарылды, онда Ривер «Артқа қарай: Дислексияның жұмбағы» эпизодында ойнады. Сюжет бойынша бала өзінің дислексиясы бар екенін біледі. Хоакин де серияда шағын рөл ойнады. Қыркүйек айында «Сенің жүрісің» сериялының пилоттық эпизоды шығарылды. Ривер бір ғана сөз айтатын Брайанның рөлін ойнады. Сондай-ақ, ол «Роберт Кеннеди және оның уақыты» телевизиялық фильмінде Кеннедидің кіші ұлын ойнады.
Сыншылардың Ривераға дислексиясы бар баланың рөлі үшін берген жоғары бағаларының арқасында ол Тірі қалу фильміне түсуге мүмкіндік алды. Ривер Молли Рингуолд және Хезер Оруркпен бірге Филип Броганды ойнады. Бұл үлкен мансап алдындағы оның телевизиядағы соңғы рөлі болды. Ирис Бертон оны «Зерттеушілер» фильмінде ұсынды.
1984 жылдың қазан айында Риверді Джо Дантенің «Зерттеушілер» фильміндегі оқымысты бала Вольфганг Мюллердің рөліне бекітеді. Бұл Ривераның алғашқы үлкен фильм рөлі болды.
«Менімен қал» (1986), «Mosquito Coast бар» (1986), «Джимми Рердон өмірі бір түн» (1988) және «Кішкентай Никита» (1988) фильмдерінің шығуымен оның танымалдығы артты.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Ривер Феникс |