Рио Фердинанд |
|
Жалпы мағлұмат |
---|
Толық аты |
Рио Гэвин Фердинанд
|
---|
Туған күні |
7 қараша 1978 (1978-11-07) (45 жас)
|
---|
Туған жері |
Лондон, Англия
|
---|
Азаматтығы |
Англия
|
---|
Бойы |
189
|
---|
Позиция |
қорғаушы
|
---|
Клуб жайлы ақпарат |
---|
Клуб |
карьерасын аяқтады
|
---|
|
- ↑ Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
- ↑ Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.
|
|
Рио Гэвин Фердинанд (ағылш. Rio Gavin Ferdinand; 7 қараша 1978 жыл, Лондон, Англия) — ағылшын футболшысы, қорғаушы. "Манчестер Юнайтедтің" экс-футболшысы және экс-капитаны. Он екі маусым бойы аталмыш команданың қорғаныс шебінде ойнаған. 312 кездесу алаңға шықты.
2015 жылы "Куинз Парк Рейнджерс" сапында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Футболшы жайлы фактілер
- Ұлттық құрама сапындағы тұңғыш ойынын 1997 жылы 15 қараша күні Камерунға қарсы өткізді де, құрама тарихындағы алаңға шыққан ең жас қорғаушы болды (сол күні 19 жас 8 күн). Ұлттық құрама сапында үш доп соқты (2002 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Дания қақпасына, ЕУРО-2008 іріктеуінде сырт алаңда Ресей қақпасына, ӘЧ-2010 іріктеуінде Алматыда Қазақстан қақпасына).
- 2010 жылы құрама капитаны болды, бірақ жарақаттың кесірінен сол жылғы әлем чемпионатына бара алмады. 2013 жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
- 2003 жылғы допинг-тестен соң сегіз айға футболдан шеттетілді. Соның салдарынан 2004 жылғы Еуропа чемпионатына бара алмады.
Қатысқан турнирлері
- 1998 - Әлем чемпионаты
- 2002 - Әлем чемпионаты
- 2006 - Әлем чемпионаты
Жетістіктері
Командалық
Манчестер Юнайтед
- Англия чемпионы (6): 2002/03, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11, 2012/13
- Лига кубогы (2): 2005/06, 2008/09
- Англия суперкубогы (4): 2003, 2007, 2008, 2011
- Чемпиондар Лигасы: 2007/08
- Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2008
Жеке
- «Вест Хэм Юнайтедтің» жыл ойыншысы: 1998
- Премьер-лиганың үздік ойыншысы: қазан 2001
Дереккөздер
Сілтемелер