Скаутизм (ағылш. scout — барлаушы)— балаларды, жас-өспірімдер мен бозбалаларды тәрбиелеу жүйесі. Скаутизм скаутинг принциптеріне — балаларды мектептен тыс тәрбиелеуді ұйымдастырудың педагогикалық әдістемелеріне негізделген. Қоғамдық балалар және бозбалалар қозғалысында көрінеді. Скаутизм — әлеуметтік тегіне және дініне тәуелсіз, барлық, жастар үшін ашық ерікті мемлекеттік емес, саяси емес тәрбиелеуші қозғалыс. Скаутизмнің негізгі мақсаты — жастардың зияттық, қоғамдық және рухани әлеуеттерінің дамуына, олардың жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасуына көмектесу. Скаутизм — көптеген халықаралық балалар және жасөспірімдер қозғалыстарының бірі. 1907 жылдан бастап, оған 250 млн-нан астам адам қатысты. Қазіргі кезде скаупық ұйымдар 160-тан астам елде бар және 16 млн-нан астам адамды біріктіреді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |