Сұр аю

Сұр аю

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Аюлар
Тегі: Аюлар
Түрі: Ursus arctos
Кіші түрі: U. a. horribilis
Үш-есімді атауы
Ursus arctos horribilis
(Ord, 1815)

Сұр аю, гризли (лат. Ursus arctos horribilis) – аюлар тұқымдасына жататын қоңыр аюдың бір түр тармағы, өте зор, сүтқоректі жыртқыш хайуан.


Денесінің ұзындығы 2,5—2,75 м, тірілей салмагы 500 кг-ға дейін барады. Солтүстік Американың тауларындағы ну ормандарда болады. Өсімдіктердің жемісімен, тамырымен, шөбімен, насекомдармен, олардың личинкаларымен, ұсақ аңдармен, құстармен қоректенеді. Қыста ұйықтайды. Ел мұны еті мен терісі үшін аулайды.

Дереккөздер

  1. Т. Мұсақұлов, Орысша-қазақша түсіндірмелі биологиялық сөздік, І-том. Қазақ мемлекеті баспасы, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев