Сұр шымшық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Parus major Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Range of current and former subspecies groups
|
Сұр шымшық (лат. Parus major) - сарыбауыр шымшықтан сәл кішірек шымшық. Сұр шымшықтың негізгі бейнесі сарыбауыр шымшықтың көшірмесінен аумайды, бірақ реңінде сары және жасыл түстер болмайды. Оның жоны - күлгін сұр, бауыры мен екі қапталы - ақ. Қазақстанда бұл ортаазиялық шымшық тек қана оңтүстік шөлді өңірлерде - Қарақұмнан және Арал маңынан Балқаш-Ақкөл қазаншұңқырына дейін қоныстанады. Отырықшы құс, яғни қыста ұялау маңайында шарлап көшпенділік жасайды. Далада өзен аңғарларының торғайлы ормандарын ұнатады, дегенмен елдімекендерге таяу ағаш екпелеріне де орын тебеді.
Батыс Тәңіртауда тау беткейлерінің төменгі бөлігінің жалпақ жапырақты ормандарына көтеріледі. Ағаш қуыстарында (әсіресе шөл теректері- тораңғыда) және кез-келген қуыстарда: жердегі індерде, жартастар жарығында, тастан және саздан жасалған құрылыстарда , молаларда, т.б. ұялайды. Салындыда 4-8 секпілді жұмыртқалар болады, олардың жұмыртқа басуы және балапандарын қоректендіруі аз зерттелген. Бір жазда 2 рет балапан өргізетіні ғана мәлім.