Тәжік тілі

Тәжік тілі
Тоҷикӣ (Tojikī)
Сурет
Айтылуы:

Елдер:

Тәжікстан, Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Иран

Ресми күйі:

 Тәжікстан

Сөйлеушілер саны:

14 млн адам

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Үнді-Еуропа әулеті

Үнді-Иран бұтағы
Иран тобы
Жазуы:

негізінен кириллица, Иранда Араб жазуы (Тәжік әліпбиін қараңыз)

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

тад 640

ISO 639-1:

tg

ISO 639-2:

tgk

ISO 639-3:

tgk

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика

Тәжік тілі (өз атауы: Забони тоҷикӣ, ) — тәжік халқының тілі, Иран тілдерінің оңтүстік-батыс тобына жатады. Ол көршілес дари тілімен тығыз байланысты, екеуі парсы тілінің өзара түсінікті диалектілері болып саналады, алайда тәжік тілінің бөлек тіл, не парсы тілінің бір түрі екендігі даулы.

Географиясы

Тәжік тілінің таралуы

Тәжік тілінде сөйлейтіндер көбінесе Посткеңестік кеңістік (Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей), Ауғанстан және Қытай мемлекетін мекендейді.

Орталық Азияның ең маңызды қалалары — Самарқан мен Бұхара — қазіргі Өзбекстан құрамына кіреді, ол қалаларда этникалық тәжіктер басым көпшілігін құрайды. Бүгінгі күні Бұхарадағы тәжік тілінде сөйлейтіндердің барлығы тәжік пен өзбек тілдерінің екеуінде де сөйлейді. Бұл тәжік-өзбек қостілділігі Бұхар тәжіктерінің фонологиясына, морфологиясына және синтаксисіне қатты әсер етті.


Жазуы

Толық мақаласы: Тәжік әліпбиі

Басқа посткеңестік республикалар сиқяты, Тәжікстан кириллицаға негізделген әліпбиді қолданады. Бұл жазуы 1939 жылдан бері қолданыста.

Тәжік тілінің қазіргі әліпбиі:

Әріп ХФӘ бойынша оқылуы
А а /æ/
Б б /p/
В в /w/
Г г /k/
Ғ ғ /ʁ/
Д д /t/
Е е /jeː, eː/
Ё ё /jɔː/
Ж ж /ʒ/
З з /z/
И и /i/
Ӣ ӣ /ɘ/
Й й /j/
К к /kʰ/
Қ қ /qʰ/
Л л /l/
М м /m/
Н н /n/
О о /ɔː/
П п /pʰ/
Р р /r/
С с /s/
Т т /tʰ/
У у /u/
Ӯ ӯ /ɵː/
Ф ф /f/
Х х /χ/
Ҳ ҳ /h/
Ч ч /tʃʰ/
Ҷ ҷ /tʃ/
Ш ш /ʃ/
Ъ ъ /ʔ/
Э э /eː/
Ю ю /ju/
Я я /jæ/

1928 жылға дейін тәжік тілі араб жазуымен жазылатын және 1928–1939 жылдары латын әліпбиі қолданылатын. Иранның тәжіктері әлі де араб жазуын қолданады.

Диалекттері

Бірнеше сөйленістерді біріктіретін 4 диалектіге бөлінеді:

  1. солтүстік-батыс;
  2. орталық немесе жоғарғы зеравшан;
  3. оңтүстік;
  4. оңтүстік-шығыс немесе дарваз диалектілері.

Әдеби тілі Самарқан, Бұхара, Ферғана аңғары, Истаравшан, Пенжакент сөйленістерін біріктіретін солтүстік диалектісі негізінде қалыптасқан.

Фонологиясы

Тәжік тілінде 6 дауысты және 24 дауыссыз фонема бар.

Дауысты дыбыстары

Тәжік тілінің дауыстылары
Алдыңғы Орталық Артқы
Жабық и ӣ /i/ у /u/
Орта е /e̞/ ӯ /ɵ̞/ (/o̞/)
Ашық а /a/ о /ɔ/

Дауыссыз дыбыстары

Еріндік Альвеолярлық Постальвеолярлық Тіл арты Увуляр Глотталды
Мұрындық м н
Үзілмелілер/
Аффрикаттар
п т ч к қ ъ
б д ҷ г
Саңылау ф с ш х ] ҳ
в з ж ғ
Аппроксиманттар л й
Ротикалық р

Грамматикасы

Тілі құрылымдық жағынан флективті-аналитикалық тілдер тобына жатады. Септік жалғау мағынасы синтаксистік тәсіл арқылы беріледі, есімдер изафет арқылы байланысады. Етістіктің рай, шақ категориялары бар. Сөздік құрамында араб, орыс, өзбек тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Ежелгі жазба ескерткіштері IX-шы ғасырдан бастау алады. Жазуы сан ғасырлар бойы араб жазуына, 1930 жылдан латын әліпбиінде және 1940 жылдан бастап кириллицаға негізделген.

Тәжікше Уикипедия

Толық мақаласы: Тәжікше Уикипедия
Тәжік Уикипедиясының логотипі

Тәжік Уикипедиясы (Википедияи Тоҷикӣ / Vikipediai Tojikī) — Уикипедия онлайн-энциклопедиясының тәжік тіліндегі нұқсасы. 2004 жылдың 27 қаңтарында құрылды.

Қазақша Уикипедия сияқты Тәжік Уикипедиясының мақалаларын латын әліпбиімен оқуға болады.

Дереккөздер

  1. Lazard, G. 1989
  2. Tajik. — ISBN 978 3895863165. Мұрағат көшірмесі 24 наурыздың 2022 Wayback Machine мұрағатында
  3. Таджикский язык  (орыс.). OREXCA: Oriental Express Caucasus & Asia.
  4. Shinji Ido Bukharan Tajik. Muenchen: LINCOM EUROPA (2007).
  5. ТАДЖИКСКИЙ АЛФАВИТ — БУКВЫ И ЗВУКИ НА РУССКОМ  (орыс.). life.ansor.
  6. Таджикский язык  (орыс.). OREXCA.
  7. Таджикский язык  (орыс.). Энциклопедия Кругосвет.
  8. Khojayori, Nasrullo, and Mikael Thompson. Tajiki Reference Grammar for Beginners. Washington, DC: Georgetown UP, 2009.
  9. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том