Умбрия | |||
Umbria | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Ел | |||
Кіреді | |||
Әкімшілік орталығы |
Перуджа | ||
Басшысы |
Катюша Марини | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Жер аумағы |
8 457 км² | ||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
815 000 адам | ||
Тығыздығы |
96 адам/км² | ||
У́мбрия (итал. Umbria) — Италиядағы административті аудан (облыс).
Административті орталығы — Перуджа қаласы. Умбрия провинциялары: Перуджа және Терни.
Халқы 815 мың адам, соның 600 мыңы Перуджа провинциясында тұрады.
Батыснда Тосканамен, шығысында Маркемен және оңтүстігінде Лациомен шектеседі.
Умбрияның батысында Тразимено көлі, шығысында Умбро-Маркстік Апенниндар, сол жақта, Маркемен шекарасында биіктігі 2476 м. Умбрияның ең биік нүктесі - Ветторе тауы орналасқан. Ең төмен нүктесі теңіз деңгейінен 96 метр биіктігінде, Терни провинциясының Лациомен шекарасында, Тибр өзенінің жазық даласында орналасқан. Сонымен қоса Терни провинциясында делле-Марморе сарқырамасы орналасқан, олардың қосынды биіктігі 165 метрге дейін жетеді.
Умбрияның қазіргі шекаралары 1927 жылы, Терни провинциясы құрылып, Лациоға қосылған Риети провинциясы бөлінген кезде орнатылды.
2009 жылы Умбрия ЖІӨ көрсеткіші 21 006 млн. еуроны, жуық шамамен Италия ЖІӨ көрсеткішінің 1,1%-ы. . Адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші - 23 703 еуро. "кономиканың маңызды салалары — ауыл шарушалығы (зәйтүн, жүзім, темекі), туризм, тамақ және химия өнеркәсіптері.
Умбрияда негізінен зәйтүн, жүзім, бидай, темекі өсіреді
Химиялық өнеркәсіптегі алғашқы орынды ең ірі химиялық концерндерінің бірі - «Монтэдисон» Италияның экономикасында маңызды рөлді ойнайды. «Монтэдисон» Италиядағы танымал сауда «Станда», кеме жүздіретін «Санта-Кристина» компанияларын сатып алып, өзінің мұнай флотын құрды. Мұнай химиясының басты орталығы Италияның орталығындағы Терни қаласы.
Умбрия климаты — континентальді, ыстық жазды және салқын қысты. Облыстың батыс бөлігінің климаты жұмсағырақ. Перуджадағы қаңтардың орташа температурасы +1,6 °С, шілдеде +21,6 °С.
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Umbria |
|