Фосфаттар — минералдар класы — ортофосфорлы қышқыл (Н3РO4) тұздары.
Фосфор қышқылының қалдығы үш валентті комплексті анион құрайды: 3-. Егер осы қалдыққа катион ретінде бір немесе бірнеше металл қосылса, онда ол фосфор қышқылының тұздары болады. Бұлар фосфат тобына жататын минералдар.
Минералогия ғылымы жағынан жалпы алып қарағанда, фосфаттар қатарына жататын минералдар саны едәуір көп. Бірақ олардың басым көпшілігі өте сирек кездеседі де, ешқандай практикалық маңызы болмайды. Біз бұл жерде тек практикалық маңызы бар және халық арасында белгілі фосфаттарды ғана қарастырайық .
Кейде үш валентті фосфорлы комплексті анион сияқты қосылыста басқа элементтер де, мысалы ванадий, көбінесе арсеникум (мышьяк) кездеседі. Оларды ванадат, арсенат деп атайды.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|