Хамеропс | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Хамеро́пс (Chamaerops) — желпуіш пальмалардың монотипті түрі. Жалғыз түрі — Тапал Хамеропс (Chamaerops humilis) — тікенек сапты, желпуіш жапырақты жатаған көп түтелі ағаш.
Еуропадағы пальмалардың жабайы түрінің екеуінің бірі (екіншісі — Теофраста құрма ағашы). Батыс Жерорта теңізінде гарригаларда, Испанияда және Францияның оңтүстігінде өседі.
Діңінің биіктігі 4-6 м құрайды. Жапырақтары ені 70—80 см желпуіш тәріздес. Гүлдері бір жынысты немесе қос жынысты, сап-сары түсті бұтақты гүлшоғырға жиналған. Гүлдеу кезеңі сәуірден маусымға дейін жалғасады.
Декоративтік өсімдік ретінде қолданылады. Жапырағының талшықтарынан арқан, жіп және кенеп жасалады.