Циклоида (грек. Kykloeіdes — дөңгелек тәріздес, домалақ) — жазық трансценденттік қисық сызық, түзу сызық бойымен сырғанамай, дөңгелей қозғалатын дөңгелектің берілген нүктесінің сызатын траекториясы.
Циклоиданың параметрлік теңдеулері мынадай түрде жазылады: , Мұнда r — дөңгелектің радиусы, а — М нүктесінен дөңгелектің центріне дейінгі қашықтық, t — дөңгелектің бұрылу бұрышы. a=r болғанда (М нүктесі дөңгелектің бойында орналасқан) қарапайым Циклоида (m қисық сызығы), а<r болғанда . Циклоида периодты қисық сызық, периоды 2πr. Циклоида механикада, механизмдер теориясында кеңінен қолданылады. “Ц” терминін 1598 ж. Г.Галилей ұсынған.
"Қазақ Энциклопедиясы", 18 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |