цилиндр немесе цилиндрлік бет — берілген бағытқа параллель және бағыттауыш сызық арқылы өтетін кеңістіктің жасаушы түзулерінің жиыны;
тұйық цилиндрлік бетпен және өзара параллель екі жазықтықпен (Цилиндр табандары) шектелген дене . Егер Цилиндрдің табандары оның жасаушыларына перпендикуляр болса, онда ол тік Цилиндр деп аталады. Табандары дөңгелек болып келген тік Цилиндрді тік дөңгелек Цилиндр не дөңгелек Цилиндр деп атайды . Мұндай Цилиндрдің көлемі V=πr2h-қа, ал бүйір беті S=2πrh-қа тең, мұндағы r — Цилиндр табанының радиусы, h — Цилиндр биіктігі. Цилиндрдің табанына параллель емес жазықтықпен қиылған бөлігін қиылған Цилиндр деп атайды . Қиылған дөңгелек Цилиндрдің көлемі ,
h1, h2 — Цилиндрдің ең үлкен және ең кіші жасаушыларының кесіндісі.
Цилиндр еместік (орыс.Нецилиндричность) — цилиндірліктен ауытқу, қалыпты ұзындықтың бойында алынған нақты беттің нүктелерінен жанама цилиндрге дейінгі ең үлкен қашықтық.
Цилиндрлік (орыс.Цилиндричность) — нақты беттің жанама цилиндрге жақындығы.
Тежеуіштің негізгі (басты) цилиндрі - поршеннің механикалық қозғалысын тежеуші тетіктеріне жіберілетін сұйықтың қысым күйіне түрлендіретін цилиндр.
Қозғауыш цилиндрі - қозғауыштың поршенінің жұмыс процесі өтетін цилиндр.
Екі жолды цилиндр - екі өздігінен жүретін тежеуіш контурына әсер ететін, екі бөлек поршендерден тұратын басты тежеуіш цилиндр.
Жұмыстық тежеуіш цилиндр - цилиндр түріндегі тежеуіш жетегінің белгілі, басты тежеуіш цилиндрден сұйық тобына берілген поршень цилиндрі.
Цилиндроид
Цилиндроид (гр.kylindros - цилиндр және eides — тәрізді) — бағыттаушылар деп аталатын екі қисық сызықпен қиылысатын және параллелизм жазықтығы деп аталатын жазықтыққа параллель орналасатын түзулердің жиыны анықтайтын бет.
Цилиндрлер блогі
Цилиндрлер блогі- бірнеше цилиндрлардың бір тұтас байланысуы.
Бүйір бетінің ауданы, (bb-бүйір беті) толық бетінің ауданы
,
(mb-толық беті)
Мұндағы - табанындағы шеңбердің радиусы, және - сәйкес түрде цилиндрдің ең ұзын және ең қысқа жасаушыларыныңкесіндісі.
Дереккөздер
↑Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
↑ abОрысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
↑Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
↑“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
ISBN 5-89800-123-9
↑"Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009 ISBN 9965-893-25-X