Шіркеу

Санкт-Петербургтағы Николай Әулиенің шіркеуі

Шіркеу (көне грекше: Κυριακη (οικια))– діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат.

Қаланың не монастырьдің басты шіркеуін «собор» (жиын шіркеуі) деп атайды; собор деп бас епископтың кафедрасы орналасқан шіркеуді атайды.

Христиан дінінің көпғасырлық даму тарихында әр халықта әр алуан шіркеу түрлері қалыптасқан. Жалпы шіркеуге ортақ белгі Шығысқа бағытталған михрабтық бөлігі және оған жалғас ғибадат етушілерге арналған бөлмесі болады. Шіркеу одан басқа Капелла, Крипта, Придел, Трапезная, тағы басқа бөліктерден құралады. Лютерандық шіркеу – кирха, поляктарда католик шіркеуі – костёл деп аталады.

Христиан шіркеуі

Толық мақаласы: Христиан шіркеуі

Дереккөздер