Қарабақ (футбол клубы)

Әзірбайжан Қарабақ ФК
Құрылған жылы

1951

Стадионы

«Азерсун Арена»

Сыйымдылығы

5 800

Жарыс

Футболдан Әзірбайжан чемпионаты

2023/24.

1.

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

«Қарабақ» (әз. "Qarabağ" futbol klubu) — Әзірбайжанның Агдам қаласындағы футбол клубы. 1951 жылы «Мэхсул» деген атаумен құрылды. Кейін де атауын бірнеше рет өзгертті. 2004 жылы қазіргі атауына ие болды. Әзірбайжанның соңғы жылдардағы ең мықты клубтарының бірі, 2017/18 жылғы маусымда Әзірбайжан клубтары арасында бірінші боп УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнады.

Атаулары

  • 1951—1977 — «Мэхсул»
  • 1977—1982 — «Шафаг»
  • 1982—1987 — «Кооператор»
  • 1987—2001 — «Қарабақ»
  • 2001—2004 — «Қарабақ-Азерсун»
  • 2004 — «Қарабақ»

Жетістіктері

Ұлттық

Әзірбайжан чемпионаты

  • Чемпион (11): 1992/93, 2013/14, 2014/15, 2015/16, 2016/17, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2021/22, 2022/23, 2023/24
  • 2-орын (3): 1993/94, 1996/97, 2012/13
  • 3-орын (4):: 2001/02, 2003/04, 2009/10, 2010/11

Әзірбайжан кубогы

  • Жеңімпаз (6): 1993, 2005/06, 2008/09, 2014/15, 2015/16, 2016/17
  • Финалист (3): 1995/96, 1997/98, 1999/00

Дереккөздер

  1. Қарабақ стадионы Азерсун Арена деп аталады (26 қыркүйек 2015). Тексерілді, 26 қазан 2017.
  2. Қарабақтың жаңа стадионы (13 тамыз 2014). Тексерілді, 26 қазан 2017.

Сілтемелер