Құртпа балық немесе Қортпа (→қорытпа) балық (лат. Huso huso) — бекірелер тұқымдасына жататын ақ балықтың бір түрі, ұзындығы 424 сантиметрге, салмағы 1 тоннаға дейін болады.
Каспий, Азов, Адриат, Қара теңізде және оларға құятын өзендерде болады. Балық өнеркәсібінде мұның маңызы өте зор.
Қортпаның тұмсығы қысқа әрі үшкір, астыңғы ерні ортасынан бөлінген; ұзындығы 380 см, салмағы 350 килограмдай. 1986 жылы сәуірде Жайық өзенінен ірі Қортпа ұсталған, оның салмағы 867 кг, уылдырығы 156 кг, 5,69 миллион уылдырық болған. Жекелеген аталықтары 9 – 11 (негізінен 12 – 15), аналықтары 12 – 14 (негізінен 15 – 20) жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын шашу үшін Жайыққа шілде – қазан және наурыздың соңы, сәуірдің басында өрістейді. Жазда өрістейтіндері қыста терең шұңқырларда қыстайды да, уылдырығын көктем шыға 6 – 12 м тереңдікте су температурасы 7 – 110С-қа жеткенде, ал көктемде өрістейтіндері уылдырығын (2 – 3 млн-дай) 3 – 8 м тереңдікте су температурасы 10 – 150С болғанда тастақты жерлерге (араға бірнеше жыл салып) шашады. Қортпаның бір жастағы шабақтары теңіздегі майда балықтармен (бұзаубас-балықтар, т.б.) қоректенсе, екі жастан соң толық жыртқыштыққа көшеді. Қортпа кәсіптік маңызы бар балық болып саналады. Қортпаны сүйрік балықпен будандастырудан бестер балығы алынған.
Ұрғашы балықтары жыныстық сезімін 16-18, ал еркектері 12-14 жасында сезінеді. Уылдырық шашуы жылда емес, жобамен бес жылда бір-ақ рет. Сақа қорытпалар нағыз жыртқыштар болып саналады.
Бұл — биология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |