Қызыл кезқұйрық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Milvus migrans Milvus milvus Linnaeus, 1758 | ||||||||||||||
Black and Yellow-billed Kite ranges.
Orange: summer only Green: all year Blue: winter only | ||||||||||||||
Түршелері | ||||||||||||||
5 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
|
Қызыл кезқұйрық (лат. Milvus migrans) – сұңқартәрізділер отряды қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Еуропада, Кавказда, Иранда, Кіші Азияда және Африканың солтүстік-батысында кең тараған (тек ормансыз жазықтар мен өте биік таулы аймақтарда кездеспейді). Сирек түрлері, әлемдегі жалпы саны 17-28 мыңға бағаланады, олардың басым көпшілігі Францияда, Германияда және Испанияда ұя салады. Түрлі ұлттық және халықаралық келісімдерге қорғалған: Балтық аймағындағы сирек құстардың тізіміне енгізілген, Халықаралық сауда туралы конвенцияның (СИТЕС) 2 қосымшасында, Бонн конвенциясының 2-қосымшасына, Ресей Федерациясының Қызыл кітабына енгізілген.
Шәулісінің қанатының ұзындығы 41 – 51 см, құйрығының ұзындығы 25 – 28 см, ұябасары сәл ірілеу. Салмағы 1000 г-ға жетеді. Басқа жыртқыш құстардан айырмашылығы: құйрығының ұшы айыр. Ол әсіресе қалықтап ұшқанда жақсы байқалады. Арқасы қара қоңыр, қоңыр сұр түсті, басы ақшылдау, ал бауыры – ұзына бойына орналасқан қара дақты, сарғыш қоңыр. Ұшып жүргенде қанат астындағы ақ дақ жақсы көрінеді. Жас құстардың реңі басқаша: қауырсындары бурыл, денесі қызғылт қоңыр теңбілді және құйрық қанаттарының ұшы ақ. Кезқұйрық – жыл құсы. Наурызда Қазақстан аумағына ұшып келеді. Сәуірдің ортасында ағаш басына (негізінен еменнің), жартасқа ұялайды. Ондағы 2 – 3 жұмыртқаны ұябасары 30 күндей шайқайды. Балапандары 45 күннен кейін ұядан ұшады. Тамыздың аяғы – қыркүйектің басында топталып, жылы жаққа – Африка мен Оңтүстік Азияға ұшып кетеді. Әлсіз жыртқыш болғандықтан негізгі қорегі – жануарлар өлексесі, ұсақ кемірушілер, тауықтәрізділер мен су құстарының балапандары, кесірткелер, жыландар, бақалар, су бетінде қалқып жүрген өлі балықтар, моллюскілер. Өлексені, т.б. қалдықтарды, зиянды кемірушілерді жеп пайда келтіреді.
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Milvus migrans |