Құрылымдық формула

Пиридиннің (үстіңгі қатар) және изопропанолдың (астыңғы қатар) құрылымдық формулалары

Құрылымдық формула — химиялық қосылыстардағы атомдардың өзара байланысын айқындап көрсететін химиялық формуланың түрі.

Ондай формуладағы атомдар арасындағы коваленттік байланыс штрихтер арқылы бейнеленеді. Басқа да арнайы белгілер қолданылуы мүмкін.

Құрылымдық формуланың бірнеше түрі бар:

  • толық түрі — мұнда химиялық қосылыстың бүкіл элементтері мен байланыстары көрсетіледі (1);
  • қысқа түрі — мұнда атомдардың сутегімен байланыстары көрсетілмей, штрихтер саны үнемделеді (2);
  • қаңқалық формула — мұнда көміртегі мен сутегі атомдары көрсетілмей, олардың бар болуы тек тұспалданады (3);
  • бензол сақинасы бар қосылыстар үшін бұл сақина арнайы көрсетілуі мүмкін (4).