Өркешті кит | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Орташа адаммен салыстырғанда өлшемі
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Megaptera novaeangliae Borowski, 1781 | ||||||||||||||||
Өркешті кит ареалы
| ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Өркешті кит (лат. Megaptera novaeangliae) — мұртты киттердің бір түрі. Ол әр жылы Аустралияның шығыс және батыс жағалауларына көшіп-қонып жүреді.Олар жазды Антарктикада өткізеді.Солтүстікке тек көбею үшін қоныс аударады.
Өркешті киттің жүзбеқанаты денесінің төрттен біріне тең болатындай өте үлкен. Денесінің ұзындығы – 5 м, кейде одан да ұзын болуы мүмкін. Өркешті киттің 400-ге жуық мұртшасы бар. Мұрттарының ұзындығы 80-85 см-ге дейін болса, ені 15 см-ге дейін жетеді. Оның денесі жұмыр, құйрық жағы жіңішкелеу, ал басы жалпағырақ болып келеді. Бұл өте көпшіл кит. Олар кейде қорегін аулауға топтасып шығады. Олар судың бетін сабалап, суды көпіршітеді. Содан кейін ғана корегін аулайды. Өркешті киттер теңіздің үлкен толқындарында қиналмай жүзеді және судың өте тереңіне сүңги алады.