бабоа, абабуа | |
Боа | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
900 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар |
Боа (бабоа, абабуа) — Конго Демократиялық Республикасындағы этникалық топ. Баолар Конго Демократиялық Республикасының солтүстігіндегі саванна аймағында тұрады. Олар Жбету, Занде халықтарымен тығыз байланыста. Жалпы саны 900 000 адам. (2007 ж.).
Тілі — либаоа тілі, диалектілері бар.
Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (элевсина, құмай, күнжіт, ямс, тәтті картоп, таро, маниок, бұршақ, банан). Кейбір топтар балық аулаумен айналысады. Какао және каучук плантацияларында, шахталарда жұмыс жасайды. Негізгі қолөнерден - ағаш өңдеу, тоқу, тоқыма және музыкалық аспаптар жасау, әйелдер арасында керамика жасау дәстүрлері сақталған.
Тайпалық бөлінудің қалдықтары қалды. Туыстық есеп патрилинейлік, неке вирилокальды, көп әйел алушылық кездеседі. Рухтарға, ата-бабаларға табыну, сиқыршылыққа деген сенімдерін сақталған. Фольклорға бай, (оның ішінде музыка).
Елді мекендері өзендер бойында ықшам орналасқан. Тұрғын үйлері – цилиндр тәріздес, биік конустық төбесі шөп пен пальма жапырақтарынан жасалған, бір қатарда орналасқан, олардың артында қосалқы құрылыстар орналасқан.
Дәстүрлі киімдері сақталмаған, фабрика маталарынан жасалған еуропалық киімдер таралуда.
Негізгі тағамы - пальма майы мен бұрыш қосылған көкөністер. Олар пальма шараптарын пайдаланады.