Ауыл | |
Бумакөл | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Статусы |
Ауылдық округ орталығы |
Облысы | |
Ауданы | |
Ауылдық округі | |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°26′45″ с. е. 52°49′03″ ш. б. / 51.44583° с. е. 52.81750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°26′45″ с. е. 52°49′03″ ш. б. / 51.44583° с. е. 52.81750° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1936 |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
714 адам (2009) |
Сандық идентификаторлары | |
Автомобиль коды |
07 |
Бумакөл шекарасы
|
Бумакөл — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Бумакөл ауылдық округі орталығы.
Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-батысқа қарай 30 км-дей жерде, Жайықтың сол саласы - Шыңғырлау (Утва) өзенінің оң жағалауында, өзімен аттас көлдің жағалауындағы әр түрлі астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өскен қызылқоңыр топырақты орманды дала белдемінде орналасқан.
1999 жылы тұрғындар саны 773 адам (372 ер адам және 401 әйел адам) болса, 2009 жылы 714 адамды (355 ер адам және 359 әйел адам) құрады.
Іргесі 1936 жылы Тельман атындағы астық өсіру кеңшары ретінде қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Бумакөлде және округтегі Облавка және Утвинка ауылдарында 2 серіктестік пен 2 шаруа қожалығы жұмыс істейді.
Орта, негізгі және бастауыш мектептер, мәдениет үйі, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория мен 2 фельдшерлік пункт бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.
|