Бұғаз — құрлықтың екі телімін бөліп жатқан және жеке мұхиттар мен теңіздерді немесе олардың бөліктерін жалғастыратын айтарлықтай тар су кеңістігі. Әдетте, бұғазға өзіндік ерекше гидрологиялық жүргі (режім) тон.
Бұғаз — құрлықты (мыс., екі құрлықты, арал мен құрлықты, екі аралды) бөліп, 2 су алабын немесе олардың бөліктерін жалғастыратын дүниежүз. мұхиттың енсіздеу бөлігі. Бұғаз мұхит пен мұхитты (Магеллан, Дрейк), теңіз бен теңізді (Босфор, Дарданелл), теңіз бен мұхитты (Гибралтар, Ла-Манш, Беринг), мұхит пен теңіздің жеке бөліктерін (Мозамбик, Солтүстік Кваркен) жалғастырады. Көл мен көлдің немесе көл бөліктерінің аралығындағы тармақты да (Мичиган мен Гурон к-дері аралығындағы Макинак бұғазы және Балқаш к-нің батысы мен шығысын байланыстыратын Сарыесік бұғазы) Бұғаз дейді. Бұғаздардың ұзындығы 1670 км-ге (Мозамбик Б-ы), ені 1120 км-ге (Дрейк Бұғазы) дейін жетеді. Көптеген Бұғаздар арқылы сауда және стратегиялық маңызы бар жолдар өтеді, мыс., Баб-әл-Мандеб, Гибралтар, Сингапур, т.б.
Бұғаз — 1) құрлыктың қандай да бір телімдерін бөліп тұратын және көршілес екі су алабын немесе екі су алабының бөлімдерін қосып тұратын жіңішке су өңірі; 2) түріктілді халықтардың географиялық терминологиясында "асу", "тау өткелі", "шат" деген ұғымдарды береді. Бұғаз Қырым, Кавказ, Қазақстан, Орта Азия және соларға таяу елдердің көптеген географиялық атауларының құрамына енеді.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |