Қазақстан ауданы | |
Бәйтерек ауданы | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Облысы | |
Аудан орталығы | |
Ауылдық округтер саны |
22 |
Ауыл саны |
68 |
Әкімі |
Марат Тоқжанов |
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Перемётное ауылы, Гагарин көшесі, №139 |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е. 50.74444° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°10′11″ с. е. 50°44′40″ ш. б. / 51.16972° с. е. 50.74444° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты |
1939 |
Жер аумағы | |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны | |
Ұлттық құрамы |
қазақтар (61,03%), орыстар (32,84%), украиндар (1,69%), татарлар (1,44%), басқалары (3%) |
Сандық идентификаторлары | |
Пошта индексі | |
Автомобиль коды |
07 |
Бәйтерек ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігіндегі әкімшілік бөлініс.
Аудан облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан, 1939 жылы құрылды, 1997 жылы аудан құрамына Приурал ауданы енді. Аумақ бедері оңтүстігінде өзен, сайлар және құрғақ аңғарлар кесіп өтетін және солтүстігінде 100 және одан аса метр биіктікті құрайтын толқынды жондары бар (Үлкен Сырт сілемінің суайрығы) ойпатты жазықтан тұрады. Орталығы – Перемётное ауылы. Ауданның жалпы көлемі - 7,4 мың шаршы шақырым. Солтүстігінде Ресеймен, батысында Тасқала, оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен, оңтүстік-шығысында Теректі ауданымен және Орал қаласымен шектеседі.
1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
---|---|---|---|---|---|---|
25806 | ▲30850 | ▲30897 | ▼26563 | ▲56611 | ▼55420 | ▲59447 |
Тұрғындар саны 57762 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (58,71%), орыстар (34,88%), украиндар (1,91%), татарлар (1,48%), басқалары (3,02%).
2020 жылдың басында тұрғындар саны 58595 адамды (29245 ер адам және 29350 әйел адам) құрады.
Аудандағы 68 елді мекен 22 ауылдық округке біріктірілген:
Атауы | Статусы | Халқы (2009) |
---|---|---|
Дарьинское | ауыл | ▲ 5329 |
Мичуринское | ауыл | ▼ 4924 |
Перемётное | ауыл | ▼ 4308 |
Достық (Фурманово) | ауыл | ▲ 3588 |
Махамбет (Чапово) | ауыл | ▲ 1859 |
Байқоныс | ауыл | ▲ 1781 |
Рубёжинское | ауыл | ▼ 1628 |
Көшім | ауыл | ▼ 1615 |
Зелёное | ауыл | ▼ 1603 |
Үлкен Шаған | ауыл | ▼ 1562 |
Белес (Ростоши) | ауыл | ▼ 1495 |
Новенькое | ауыл | ▲ 1341 |
Калининское | ауыл | ▼ 1305 |
Январцев | ауыл | ▼ 1274 |
Щапов | ауыл | ▲ 1205 |
Володарское | ауыл | ▲ 1175 |
Янайкино | ауыл | ▲ 1056 |
Атамекен (Чеботарёво) | ауыл | ▼ 1016 |
Бейбітшілік (Погодаево) | ауыл | ▲ 967 |
Шалғай (Первосоветское) | ауыл | ▼ 947 |
Асан (Набережное) | ауыл | ▲ 946 |
Макарово | ауыл | ▲ 777 |
Қайнар (Новенький) | ауыл | ▲ 767 |
Озёрное | ауыл | ▼ 717 |
Жамбыл | ауыл | ▲ 660 |
Колесово | ауыл | ▲ 613 |
Чувашинское | ауыл | ▼ 585 |
Раздольное | ауыл | ▼ 582 |
Красноармейское | ауыл | ▼ 554 |
Егіндібұлақ (Цыганово) | ауыл | ▼ 546 |
Октябрьское | ауыл | ▲ 540 |
Сұлу көл (Чесноково) | ауыл | ▼ 527 |
Ауданның негізгі табиғи су ресурстары Шаған саласымен (116 км) Орал өзені (184 км), Көшім (48км), Ембулатовка (99 км) Рубежка (82 км), Быковка (90 км) және сондай-ақ Киров бөгені мен Орал-Көшім суландыру жүйесі және негізінен ауданның солтүстік бөлігінде орналасқан 99 әуіт пен апандар болып табылады. Топырағы саз бен саздақтан тұрады, кей жерлерінде құм және сор топырақ кездеседі. Солтүстігінде жері қара топырақты.
Шаруашылықтағы негізгі бағыт - егін шаруашылығы. Егін шаруашылығымен қатар, негізінен ет-сүт бағытындағы мал шарушалығы дамыған.
Бәйтерек ауданы I ауылшарушылық аумаққа жатады. Бұл аумақта дәнді, майлы дақылдар, жемшөптер, қартоп және көкөніс, жеміс-жидек, екпе ағаштары жинақталған. Мұнда сүтті мал шаруашылығы, шошқа және құс өсіру және ет-жүнді қой шаруашылығы жақсы дамыған.
|
|