Гаити Республикасы Repiblik Ayiti République d'Haïti | |||||
| |||||
Ұран: «L'Union Fait La Force» | |||||
Әнұран: «La Dessalinienne» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 1 қаңтар 1804 жылы (жарияланды) 1825 жылы (мойындалды) (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | Гаитяндық креол мен француз тілі | ||||
Елорда | Порт-о-Пренс | ||||
Ірі қалалары | Порт-о-Пренс, Карфур, Дельмас | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Жовенель Моиз Жан-Мишель Лапен | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 143-ші орын 27 750 км² 0,7 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Тығыздығы |
▲ 10 788 440 адам (81-ші) 389 адам/км² (32-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
19,979 млрд. $ (144--ші) 1,819 $ (174-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2017) • Жан басына шаққанда |
7,897 млрд. $ 719 $ (172-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,498 (төмен) (168-ші) | ||||
Валютасы | Гурд | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ht | ||||
ISO коды | HT | ||||
ХОК коды | HAI | ||||
Телефон коды | ++509 | ||||
Уақыт белдеулері | -5 |
Гаити, толық ресми атауы — Гаити Республикасы (гаит. креол. Repiblik Ayiti , фр. République d'Haïti ) — аттас аралдың батыс бөлігінде (шығыс бөлігінде Доминикан Республикасы орналасқан) және жағалық аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы — Порт-о-Пренс. Халық саны - 11 26 млн. адам (2019 жылы, оның ішінде шамамен 1 миллион адам шетелде тұрады, негізінен АҚШ-та).
Елдің атауы таино үндістердің тілінен «Таулы ел» деп аударылады. Гаити Республикасы 1804 жылы гаитяндық революциясының сәтті кезеңінде Франциядан тәуелсіздікті алды және Америкадағы АҚШ-тан кейінгі екінші тәуелсіз мемлекет болды және әлемде қара нәсілділер басқарған тұңғыш республика. Бұл — француз тілі басым Америкадағы жалғыз тәуелсіз мемлекет (тағы қ. француз тілді мемлекеттер).
Гаити — әлемдегі ең кедей және тұрақсыз елдердің бірі; Американың ең кедей, үнемі аштықтан, табиғи апаттардан және мемлекеттік төңкерістерден зардап шегетін мемлекет.
Шығыстан батысқа қарай елге тар жағалаулық жазықтармен шектелген қатты разрезделген тау тізбектері кесіп өтеді.