Дельтоид

Дөңес дельтоид (сол жақта) және дөңес емес дельтоид (оң жақта).

Дельтоид (көне грекше: δελτοειδής — дельта әрпіне ұқсас) — жапсарлас екі қабырғасы бір-біріне тең және қалған екі қабырғасы да өзара тең болған төртбұрыш.

Қасиеттері

Дельтоидтың қасиеттері
  • Ұзындықтары бірдей емес қабырғалар арасындағы бұрыштар өзара тең.
  • Диагональдары өзара перпендикуляр.
  • Екі диагоналінің қиылысу нүктесі олардың біреуін қақ бөледі.
  • Екінші диагональ түскен бұрыштарына биссектриса болады.
  • Диагональдардың біреуі дельтоидты екі тең үшбұрышқа бөледі.

Дельтоидтың ауданын есептеу

, мұнда және  — диагональдардың ұзындықтары.
, мұнда және  — тең емес қабырғалардың ұзындықтары,  — араларындағы бұрыш.