Иль және Вилен (фр. Ille-et-Vilaine, брет. Il-ha-Gwilen) — Францияның батысындағы департамент, Бретань аймағының департаменттерінің бірі. Реттік нөмірі 35. Әкімшілік орталығы — Ренн. Халық саны 903,4 мың адам (департаменттер арасында 23-ші орын, 1999 ж.).
Жер аумағы 6878 км². Департамент арқылы Илль, Вилен, Ранс, Куэнон өзендері ағып өтеді.
Департамент 4 округ, 53 кантон және 352 коммунаны біріктіреді.
Иль және Вилен — 1790 ж. Ұлы Француз төңкерісі кезінде құрылған алғашқы 83 департаменттің бірі. Бұрынғы Бретань провинциясының аймағында пайда болған.
Атауы Илль және Вилен өзендерінен шыққан.
![]() |
Бұл — Франция географиясы туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|