Тбилиси (груз.თბილისი, (ақп.) – «жылы қайнар») — Грузияның астанасы және ірі қаласы. Мтквари (Кура) өзенінің бойында орналасқан. Тбилиси атауы алғашқы рет IV ғасырда айтылады, оның пайда болуын (груз. ტფილისი ; тбили — «жылы») қалада жылы күкірт қайнарының пайда болуымен байланыстырады, 1936 жылға дейін орыс тіліндегрек әдебиетінен. енген Тифлис атауын қолданып келді. 1936 жылдың 20 тамызынан бастап ресми түрде атаудық ұлттық айтылуына жақын болатын, Тбилиси деп атау қабылданды.
Қала 726 км² аумақты құрайды және онда 108 24 00 тұрғын өмір сүреді.
Б.з.V ғасырда Иберия патшасы Вахтанг Горгасали негізін қалаған және VІ ғасырда астана болған Тбилиси Гүржістанның маңызды өндірістік, әлеуметтік, мәдени орталығы болып табылады. Қала, сол сияқты, ғаламдық энергетикалық және сауда-саттық жобалардың транзиттік орталығы болып табылады. Еуропа мен Азияның қиылысында стратегиялық орналасу Тбилисиді бірнеше мәрте Кавказдағы әр алуан күштердің қақтығысына алып келді. Руставели атындағы кең алаңнан бастап, ертеректегі Ортағасырдағы Нарикала ауданының сақталған тар көшелерінен қаланың тарихын оның сәулет өнері арқылы тануға болады.
Қаланың тұрғылықты халқы әр алуан, тарихи Тбилиси әр түрлі ұлттар мен мәдениеттің, діннің және этникалық топтардың мекені болып табылады.Тбилисидің басым тұрғындары православ, Грузиндік Православ шіркеуінің келушілері болғанымен, Абанотубани ежелгі ауданында Метехи шіркеуінен бірнеше жүз метрлік қашықтықта синагогтар, шіркеулер, мешіттер бір-бірімен қатар салынған.
Тбилисиде бір халықаралық әуежай орналасқан. Әулие Үштік Кафедральді Соборы, Сиони, Метехи, Нарикала Кафедральді Соборы, Гүржістан парламентінің ғимараты, Руставели алаңы, Анчисхати, Мтацминда (Әулие тау)Тбилис операсы, Кашвети, Әлем Көпірі шіркеуі Тбилисидің ерекше туристік бағыттары болып саналады.
1936 жылға дейін қала орыс тілінде Тифлис, ал грузин тілінде ტფილისი ( (бұрынғы грузин атауы). Өзінің атауын ол жылы серный қайнарларының болуынан алды(грузин тілінен аударғанда, «тбили» ( «тпили») , яғни, «жылы»).
Физико-географиялық сипаттамасы
Географиялық жағдайы
Тбилиси Кур өзенінің аңғарында тау алдиына іргелес 30 км созылып жатқан тар алапта орналасқан Тбилисс шұңқырында орналасқан.
Климаты
Ұзақ ыстық жазымен, қысқа жылы көктемімен және жұмсақ қысымен жұмсақ-континентальді климат боп келеді.
Жылдық орта есеппен алынған температура — +12,9 °C
фауна қаланың өте алуан төңірегі болып, осындай түлкі, қорқау қасқыр сияқты жануарлар бар. Көптеген рептилиялар мен құстар. Табиғи кешендерді қорғау және биоалуантүрлілікті сақтау үшін аймақта Тбилиси ұлттық паркі ашылды.
Хайуанаттар әлемі
Қала төңірегіндегі хайуанаттар әлемі әралуан, түлкілер, жолақ қорқаулар, шиебөрі, қасқырлар кездеседі. Бауырымен жорғалаушылар мен құстар да көп. Аймақта табиғи кешенді қорғау және сақтау мақсатында Тбилиси ұлттық саябағы құрылды.
Экономикасы
Мәліметтер бойынша Тбилисидегі жұмыссыздар саны тұрғындардың 29,6 % құрайды (2009).
Транспорты
Тбилисиде метрополитен жұмыс істейді.
2006 жылға дейін қалада троллейбус және трамвай жол тораптары қызмет тетті.
Тбилиси қаласында Гүржістанның басты әуежайы "Новоалексеевка" халықаралық әуежайы орналасқан.
Тбилиси Гүржістан Темір Жолының аса маңызды теміржол торабы, елдің ірі транспорттық орталығы болып табылады.
Витте, Сергей Юльевич — граф, ресей мемлекеттік қайраткері, Ресей қаржысының министрі (1892—1903), министрлер комитетінің төрағасы, Ресей империясы министрлер кеңесінің төрағасы (1905—1906).
Товстоногов, Георгий Александрович — кеңестік театр режиссёрі и педагог, КСРО , Грузия, Дағыстан халық әртісі, өнертану докторы, КСРО-ның Сахалиндік, Лениндік және мемлекеттік сыйлығының иегері.
Зураб Константинович Церетели (1934) — суретші, мүсінші, Ресей көркемдік академиясының президенті, Ресей Федерациясы мен Грузияның халық суретшісі.
Чабукиани, Вахтанг Михайлович — балеттің кеңестік әртісі, балетмейстер, педагог, Сталиндік (1941, 1948, 1951) и Лениндік (1958) сыйлықтың иегері, КСРО халық әртісі.
Омар Чхаидзе (1944) — грузиндік танымал, орыс суретшісі.
Софико Михайловна Чиаурели (1937—2008) — кеңестік және грузиндік актриса, Грузин ССРінің халық әртісі (1976), Армян ССРінің халық әртісі (1979).
*Трансқұрлықтық мемлекеттер. † Иерусалим қаласы Израильдың да, Палестинаның да астанасы болып табылады. Тель-Авив — Израильдың халықаралық түрде мойындалған астанасы; Рамалла Палестина автономиясының әкімшілік орны болып табылады.